Грузияның көп үнді ғажайып әуені

1432

Грузия табиғатымен, қызықты салт-дәстүрімен, қонақжайлылығымен және ежелгі мәдени мұрасымен таңқалдырады. Ал жарқын да бай, қайталанбас ерекшелігімен әлемге әйгілі жеке үнді әндерінен бастап күрделі әуендері туралы тоқтамай айта беруге болады.

«Рустави» ансамблі

Грузия – Батыстағы баурап алар дәстүрлі полифониялы музыка пайда болған елдердің бірі болуы мүмкін. Сонымен бірге, грузиндердің ұлттық музыкасы 2001 жылы ЮНЕСКО-ның ауызша және адамзаттың материалды емес мұралары тізіміне алғаш болып енген.

Қайталанбас әрі күрделі ежелгі грузин полифониясының жарқын мысалы ретінде «Эрисиони» грузин ансамблі орындаған әйгілі «Чакруло» («Ант бергендер») әнін айтуға болады.  Бұл әнді 1977 жылы 20 тамызда NASA адамзат баласының музыкалық қабілетінің үлгісі ретінде ғарышқа жіберген екен. Өзге 26 композициямен бірге «Чакруло» әні была «Вояджер» ғарыш бортының алтын пластинкасына жасылса керек, міне содан бері біреулер естіп, Жер шары туралы біле ме деген үмітпен 40 жылдан астам бойы ғарышты айналып жүр.

Грузиядағы полифониялық ән дәстүрі Батыс Грузияда пайда болғаннан жүздеген жылдар бұрын қалыптаса бастаған. Полифония грузин халқында ерекше және мағыналы орын алады. Ежелден полифониялық ән айту кез келген мерекенің басты шарты, осы күнге дейін грузин мәдениетінің ажырамас бөлігі.

Грузияның дәстүрлі музыкасында көптеген емдік, ғұрыптық, той, би, романтикалық және бесік жырлары бар. Географиялық ерекшелігіне байланысты, әсіресе, әр аймақтың биік таулармен бөлініп жатқанына байланысты, әрбірінде полифониялық ән айтудың өзіндік мәнері мен стилі қалыптасты.

Грузияда полифониялық музыканың 16 түрі бар, олар үш негізгі топқа бөлінеді. Алғашқы түр – Сванетияда кеңінен тараған күрделі полифония. Екіншісі – баспен сүйемелденетін, баурап алатын полифониялық диалог. Бұл түрі Шығыс Грузияның Кахетия аймағында кең тараған. Және үшінші түрі – Батыс Грузияға тән ішінара импровизиция бөлімдерінен тұратын контрастты полифония.

Грузия әуені Батыс Еуропа үшін кішкене ерекше естіледі, өйткені ол батыысеуропалық үйлесімділік ережесіне бағынбай өз алдына дамыды. Оның көрсеткіштері бесінші октаваға негізделген, интервалдары бір-біріне байланысты емес. Дәл осы ерекшелігі дәстүрлі грузин музыкасына ерекше әрі әуезді үн береді.

Осыған дейін айтылғандай, полифониялық әуен расымен де грузин халқының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Грузияның әрбір тұрғыны музыкаға жақын, сондықтан үлкен мерекелерде ән айтуға қуана-қуана қосылып кетеді. Әдетте, әннің негізгі бөлігін жеке орындаушылар айтып шығады, оған ондаған, тіпті, жүздеген адам қосылып шырқай алады. Грузияда бірде-бір мереке әдемі елдің бай мәдениетін жарқын көрсететін полифониясыз өтпейді.

 

Лали Ломашливи,
Dimash Georgia Fan Club Official