Ежелгі қолөнер шеберлері салтын сақтай отыра: қазақ халқының зергерлік өнері туралы

2134

Қазақ халқы үшін зергерлік өнердің маңызы зор. Қазақ зергерлік бұйымдары тек сәндік үшін емес, қыз баланы кішкентай кезінен бәле-жаладан қорғайтын тұмар ретінде де қолданылған. Зергерлік өнер бүгін де өзектілігін жоймай келеді.

Қазақ зергерлік өнерінің тарихы мыңдаған жылдардан бастау алып қана қоймай, ұлттық мәдениет тарихында үлкен орын алады. Археологиялық қазбалар қазіргі Қазақстан аумағында ежелгі заманнан бері мыс, қалайы, алтын және тағы басқа бағалы металдардан әшекей бұйымдар жасалғанын айғақтап отыр. Сонымен бірге, зергерлік бұйымдар киімнің де ажырамас бөлігіне айналған.

Шеберлер, зергерлер өз жұмысына аса ұқыптылықпен қараған, әр қызға бұйым жасарда бар өнерін салған. Қазақ зергерлік бұйымдары қашанда өзінің қайталанбас әсемдігімен, ұлттық нақыштарымен, ою-өрнегімен ерекшеленген. Өзгелермен салыстыруға келмейтін әсемдігі оны еуропалық бұйымдардан да ерекшелеп тұрады. Адамның қандай сәндік бұйым тағатынына қарап, оның тегі мен руы, отбасылық мәртебесі мен қоғамдағы орнын да білуге болады.

Қазақ зергерлік өнеріндегі тағы бір басты ерекшелік – шебердің тастарды таңдауы, өйткені бұйымнан гөрі әшекейдің қандай тастан жасалатыны маңызды саналған. Еуропа елдерінде тас байлықтың, дәулеттің белгісі, жай ғана әшекей саналады. Ал зергерлер үшін тас иесін тіл-көзден, жамандықтан және тағы басқа бәле-жаладан қорғайтын күш көзі. Қазақ халқы, расында, көп жағдайда ырымшыл келеді, сондықтан ежелден тұмардың күшіне сенген.

Ұлттық қазақ бұйымдары да массивтілігімен, салтанаттылығымен ерекшеленеді. Кең тараған әшекейлердің қатарында тұмарды, жүзікті, шолпы және шашбауды, білезік пен сырғаны, алқаны атап өтуге болады. Соған қарамастан, бүгінде нарықта минимализм стилінде жасалған сәндік бұйымдарына сұраныс жоғары, қазақ ұлттық зергерлік бұйымдары қазіргі заман қыздары тарапынан сұранысқа ие. Қазіргінің зергерлері де бұрынғының шеберлерінің ұмытылмас дәстүрін үлкен мәртебемен жалғастырып келеді.

Ежелгі салт-дәстүрді ұстанып келе жатқандар компаниялардың бірі Kazakhyuvelir отандық зергерлік бұйым өндірушісі. Бүгін назарларыңызға оның жетекшісі Аида Іңкербаевамен сұхбатты ұсынамыз.

Аида Дабырқызы, Kazakhyuvelir 80 жылдан бері өз сатып алушыларын ұлттық реңді әшекейлермен қуантып келеді. Барлығы неден басталды, қазіргі Kazakhyuvelirдің жағдайы қалай?

– Компания тарихы 1941 жылдан басталады. Алғашында жалпыресейлік «Ювелирторг» компаниясының бөлімшесі ретінде жұмыс істесе, кейін 2000 жылдары жекешелендіріліп, Kazakhyuvelir деген жаңа атауға ие болды. Бүгінде біздің компанияның құрамында Қазақстанның 15 қаласында 17 зергерлік салоны бар. Мысалы, Ақтөбеде – «Изумруд», Өскеменде – «Янтарь». Соңғы екі жылда біз басқару тобын жаңарттық, бүгінгі таңда нарықтағы орнымызды айқындап, ерекше және бағалы позициямызды айшықтаумен айналысып келеміз. Бәсекелестерден ерекшелену үшін жұмыс жасап жатырмыз. Кейде бір қатарда, кейде алда келеміз. Біз сонымен қатар, зергерлік бұйымдардың ассортиментін кеңейтіп, ұлттық дәстүрді сақтап, үрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында өз өндірісіміздің үлесін арттыра отырып, жастарды да, аға буын өкілді де мақсатты аудитория ретінде қамтығымыз келеді. 2019 жылы басты салондарымыздың бірі, Алматы қаласында Гоголь мен Панфилов көшелерінің қиылысында орналасқан «Алмазды» қайта салдық. «Алмаз» деген маңдайшаның орнында бүгінде Kazakhyuvelir логотипін көре аласыз. Осылайша, Қазақстан бойынша салондарымызды қайта жасақтап, компанияның қазіргі атауымен жұмыс істесек деген жоспарымыз бар.

Ұлттық бояу бейнеленген әшекей бұйымдарды жасау идеясы қалай пайда болды? Ерекшелігі бар өнімдер жасау оңай да емес.

– Біздің ел керемет салт-дәстүрге бай, өткенді қастерлемей, болашақта бірдеңе жасау мүмкін еместігін ескере отырып, осы ғұрыптарымызды сақтап қалғымыз келді. Бар ресурсымыз бен мүмкіндіктерімізді пайдалана отыра, зергерлік бұйымдар арқылы осы салт-дәстүрімізді ұстанғымыз келеді. Ұранымыздың да «Kazakhyuvelir – мәңгі құндылықтар» делінуі тегін емес.

– Қазақ әшекей бұйымдары қандан модернизацияға ұшырады? Оған қандай заманауи ерекшеліктер енгізілді?

– Соңғы уақытта сатып алушылар қазақы мән-мағынасы бар, алайда, заманауи элементтермен безендірілген өнімдер болғанын қалайды. Сәйкесінше, дизайнерлерімізбен бірге біздің халықтардың ою-өрнек тарихының мұрағатын көтеріп, сонымен бірге, әлемдік зергер үйлерінің қазіргі трендтерін зерделеп, ұлттық ноталары бар ерекше бұйымдар жасай бастадық. Мұның барлығы клиенттерімізді қуанту үшін жасалып отыр.

– Өндірісіңіздегі ассортимент туралы не айтасыз?

– Қазіргі таңда алтын мен күмістен соғылатын ұлттық коллекциямен жұмыс істеп жатырмыз. Оны той науқанына таман ұсынғымыз келеді. Жалпы, бізде келінмен танысқаннан бастап, құдалар арасындағы сыйлық жасау дәстүрі керемет сақталған ғой. Біз үнемі зергерлерге арналған халықаралық көрмелерге қатысып, әшекейлердің жаңа трендтері және коллекцияларымен танысып отырамыз.

– Қазіргінің бойжеткендері әшекей таққанда минималистиканы ұстанады, батыс стиліне еліктейді. Қыздарға қазақтың ұлттық элементтері бар қандай бұйымдар ұнайды?

– Біз әрдайым сатып алушыларымыздың пікіріне құлақ асып, заман талабына сай жұмыс істегіміз келеді. Минималистиканы ұстана отырып, қазақтың ұлттық бояуы бар түрлі өнімдер шығарып жатырмыз. Алдымен, қыздарға арнап өте әдемі сырға жасап шығардық, заманауи дизайнмен жасалған бұйымдарды мерекелерде серіктестерімізге тарту еттік. Олардың жылы лебіздерін ескере келе, сырғаға алтыннан өзге тастар қоса отырып, қосымша элементтер әзірледік.

– Сатып алушыларыңызды суреттеп беріңізші

– Біздің мақсатты аудиториямыз о бастан орта және одан жоғары жастағы әйелдер. Мақсатымыз – оларды сақтап қалу. Сонымен бірге, «X» және «Y» ұрпақты да назардан тыс қалдырмай, ұлттық реңді заманауи коллекциялар ұсынамыз. Сондықтан, біздің клиенттің жиынтықты образына заманауи қыз-келіншектерді, энергиясы мол, сәнге ұмтылатын, сүйкімді және сүйе алатын, сұлу әйелдер жатады деп айта аламын.

Коллекцияларыңызды қанша уақыт сайын жаңартып отырасыз?

– Қиын сұрақ, дегенмен, зергерлік саладағы дизайнның фэшн индустриядан басқаша болғанын қалар едім. Эскиз әзірлеу, сызбаларын жасау, шебер үлгілерін ойлап шығару, сынақ, сериялық өндіріс – мұның барлығы өте ауыр жұмыс. Бастапқыда оңай көрінуі мүмкін. Бүгінде біздің мақсатымыз – жылына 4 коллекция болса, ертең 8-ге жеткізуіміз керек. Таяуда зергерлік бұйымдарға қосалқы тауар ретінде жібек орамалдар коллекциясын шығардық. Қазіргі таңда қазақстандық суретшілеріндің бірімен қосымша эскиздер әзірлеп жатырмыз.

– Болашақта Сіз басқарып отырған кәсіпорынның қандай жоспарлары бар?

– Қазіргі таңда басты мәселелердің бірі салондарымыздың модернизациясы: заманауи интерьер дизайны, сөрелер, жарық, музыкамен сүйемелдеу. Тағы бір маңызды бағытымыз – филиалдар желісін көбейту. Сонымен бірге, өз өнімдеріміздің үлесін арттырып, клиенттерге қазіргіден де жоғары сапалы қызмет көрсету жолында еңбектенеміз. Өйткені, клиенттеріміздің де бізбен бірге гүлденгенін қалаймыз.

– Kazakhyuvelir қандай жетістіктерімен мақтана алады?

– Келесі жылы бізге 80 жыл толады, осы атаулы датаға нақты көрсеткіштермен жеткізгіміз келеді, әрине, бүгінде ең басты жетістігіміз – ол, клиенттеріміздің сенімі.

Аида Дабырқызы, Сіз зергерлік бизнеске қалай келдіңіз? Не әсер етті?

– Кез келген кішкентай қыз балаға әшекейлер ұнайтыны секілді, маған да қатты ұнайтын. Алайда, мен қаржы саласына бардым, ұзақ жылдар сол салада еңбек еттім. Декреттік демалыстан кейін бизнесте бағымды сынап көргім келді. 2018 жылы Kazakhyuvelir-де кадрлар ауысып, акционерлер таңдауы маған түсті. Нақты мақсаттары мен міндеттері бар компанияны маған сеніп тапсырды. Қазірде менімен бірге өз ісінің мамандары жұмыс істеп келеді, өз еңбегіміздің нәтижесін көріп жатырмыз, қай бағытта қозғалатынымзыды да айқындап алдық. Осы жайтты пайдалана отырып, тұрақты клиенттерімізге бізбен болғандары үшін алғыс айтқым келеді, оларға байлық, денсаулық тілеймін. Ал, Kazakhyuvelir-ді таңдағысы келетін жаңа клиенттерге біз үнемі ассортиментті кеңейтіп жатқанымызды, жаңа өнімдер шығара бастағанымызды, сапалы қызмет көрсететінімізді, сүйікті бренд атану үшін тынбай еңбектеніп жатқанымызды айтқым келеді. Бізбен бірге құлпыра беріңіздер, біздің құрметті клиенттеріміз дегім келеді.