Аргентинада тәулік бойы Димаштың әндерін қосатын «La Era Dimash» радиосы ашылды

1306

14 шілдеде Аргентинада Димаш Құдайберген мен оның фанаттарына арналған «La Era Dimash» радиостанциясы ашылды. Радио толқынында күні-түні қазақстандық орындаушының әндері қосылады. Аргентинадағы жанкүйерлер үшін 2020 жылдың басты оқиғасы осы болды.

Тек Димаштың әндері қосылатын радиостанция ашу бастамасы оның Аргентинадағы тыңдарманы Паола Роминаға 2019 жылдың тамызында келген екен. Бойжеткеннің бастамасын тек Латын Америкасындағы емес, жер жүзіндегі фанаттар да қолдады.

«Dimash´s Dears Argentina» фан-клубы әкімшілерінің бірі Флавия Альтамирано Паоламен аргентиналық фанаттардың Росариодағы кездесуінде танысқан екен. Қыздар тез тіл табысып, аз уақыттан кейін Паола «The Dimash Era» деген атпен мәдени алмасуға арналған парақша ашты. Бұл парақшада Паола Қазақстан мәдениетін өзге елдердің мәдениетімен салыстыра отырып, ұқсастығы және айырмашылығы туралы жариялайды.

Фанаттар тарапынан оң баға алған Паола дүние жүзіндегі фанаттарға тарту жасағысы келеді. Ойлана келе жеке радиостанция ашуға бел буады. Жаңа идеясы туралы Паола аргентиналық Dears-қа хабарлайды, ал олар өз кезегінде қуана-қуана қолдау танытты.

Радиостанцияның негізгі мақсаты – әлемде болып жатқан жағдайға байланысты қиналған, мұқтаж жандарға, фанаттарға бақыт сыйлау. Радионы WiFi желісі жоқ орындарда да мобильді траффик жұмсамай-ақ тыңдай беруге болады. Ол үшін «ZenoRadio» мобильді қосымшасын «App Store» және «Google Play-ден» жүктеп алу керек.

Радиоға сілтеме: https://zeno.fm/la-era-dimash

Димаштың Аргентинадағы фан-клубының әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары:

Facebook: https://www.facebook.com/dimashdearsargentina/
The Dimash Era: https://www.facebook.com/La-Era-Dimash-107471890736610/