Батуми мен Шекветили: Қара теңіз жағалауының қос інжу-маржаны.

20

Қаратеңіздің шығыс жағалауы, Кавказдың батыс бөлігінде Грузия деген керемет ел бар. Грузия мемлекетінің негізін қалаған тұрғындар еуропалық нәсілге, картвелилерге жататын ежелгі Кавказ халқы. 

Грузия әндерінен полифония да, монофония да кездеседі. Бұл жердегі полифония формасы басқа аймақтардан ерекшелеу. Грузиялықтарға ғана тән көпдыбыстылық –бір-біріне жақын ноталарды пайдалану техникасы арқылы жүзеге асады. Грузияның көптеген әндері үш дауыспен орындалады. 2001 жылы ЮНЕСКО грузин әндерін ауызекі тараған теңдесіз мұраға теңеген болатын. Бұл елдің халқы түгел ән шырқай алады және ән салғанды қатты жақсы көреді.Димаштың өнеріне ерекше құрметпен қарайтыны да содан.

Грузиялық Dears-лар қазақ ұлы Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өз елдерінде берілсе, жанкүйерлер үшін нағыз мереке болар еді,-дейді. Ендеше әнсүйер елдің Батуми мен Шекветили қалаларымен таныс болайық….

Батуми

Батумидің тарихы тереңде. Біздің дәуірімізге дейінге IV​ ғасырда бұл қаланың атауын Аристотель жазбаларынан көруге болады. Тіпті бұл қалада көптеген тарихи орындар, үлкен жәдігерлер сақталған. Мәселен «Тамара» қамалы. Аты айтып тұрғандай Тамара патшайымның құрметімен аталған шіркеу болатын. Сондай-ақ, Гон қамалы да сақталған. Батумидегі туристтік саланың кез-келген бағыты қарқынды дамып келеді. Халықаралық туристік қауымдастық назарынан тыс қалған емес. 2019 жылы Еуропадағы жылдам жоғарылаған туристік бағыты үшін Батуми World Travel Awards премиясының лауреаты атанды.

Партугалияның Мадайер аралында өткен бүкіләлемдік туристер фестивалінде Батуми жеңімпаз атанды. Бұл туризм аласындағы «Оскар» жүллдесімен пара-пар келетін марапат.

Батумидегі «Sheraton», «Radisson», «Colosseum»​и «Hilton» заманауи қонақүйлері ерекше архитектуралық құрылысымен көптің назарын аударады. Бұл елден Еуропа, Азиямен қатар ТМД–дан келген туристерді де көруге  болады.

«Colosseum» қонақүйі

Грузияда болсаңыз сіз грузин халқының ерекше қонақжайлылығын көресіз. Грузиннің дәмді тағамдарынан, оның ішінде әйгілі хинкали мен грузин шарабынан дәм тата аласыз. Грузия – әлем бойынша шарап жасаудан көш ілгері.

Грузин хинкалиі

Батумиде көрікті жерлер өте көп. Оның ішінде әлемдегі ең ұзын бульварымен ерекше. Пальма тоғайы бар теңіз паркі туристтік өмірге сән бере түсетіндей әсер қалдырады. Жанды әуен, аттракцион, көңілді туристерге толы дәмханалар  Батумидегі есте қаларлық сәттерді еселей түседі. Түрлі-түсті жарық шашатын музыкалы су бұрқақтың бірнеше түрлерін көруге болады. Жағалауда суға шомылып, күнге қыздырынып шыққан туристерді кешкілік Батуми көшесі одан әрі қызықтыра түседі.

Гүлзар – Теңізмаңы саябағы

Батумиді Дельфинарисіз елестету мүмкін емес. 1975 жылы салынған дельфинарий Кеңес үкіметі кезінен Батумидің негізгі картасына айналды. Бұл тек бір қаланы ғана емес осы аймақтың танымалдырылығн арттырған нысан болды. Ең ақылды су жануарының ерекше дыбысы, әдемі көздері мен бассейндегі көрсеткен өнері көрерменге жан рахатын сыйлайды. Егер дельфинмен бірге жүзуге мүмкіндік алсаңыз өмір бойғы естелік болмақ.Оған шүбәңіз болмасын!

Батуми дельфинариі

Қаладан 9 шақырым қашықтықта, мәңгі жасыл желекке оранған Ботаникалық бақ бар. Бұл табиғатты сүйетіндер үшін серуендеуге таптырмас ең ерекше орын. Шуақты, тұманды тіпті жауынды күні де бұл жерде еркін тыныстап, алаңсыз қыдыруға болады.

Ботаникалық бақ

Аджарияда фестивальдар мен турларды жақсы көретіндер үшін көптеген фестивальдар мен қызықты турлар өткізіледі. Ең танымалы – Қара теңіздегі джаз фестивалі. Жыл сайын жаз мезгілінде Батумиде әлемдік джаз жұлдыздары бас қосады.

Қара теңіз жағалауындағы Батуми қаласынан 40 шақырым қашықтықта  Шекветили қаласы орналасқан. Онда заманауи, төбесі жылжымалы «Black Sea Arena» деп аталатын алып концерт залы бар.  Грузиядағы Black Sea Arena халықаралық деңгейдегі концерт алаңдарының бірі. – Қара теңіз аренасында жаңа ультра-заманауи алып концерт залы бар. Қара теңіз аренасы – Грузиядағы ең заманауи халықаралық концерт алаңдарының бірі. 10 мың көрерменге арналған залда әлем жұлдыздары өнер көрсетеді.

Мұнда Роберт​ Плант, ​Кристина Агилера, Ванесса Мэй, «Скорпионс» тобы және көптеген майталмандар ән салды. Курорт маусымы ашылғаннан бастап бұл сахнадан грузияның шығармашылық топ ұжымдары мен жергілікті өнерпаздарды көруге болады.

Шевкетли қаласы, Black Sea Arena

Қара теңіз аренасына жақын ашық хауз, тениис корды мен фитнес орталығы бар бес жұлдызды «Paragraph Resort» қонақүйі орналасқан.

«Paragraph Resort» қонақүйі

Жақында Шекветилиде грузин миллиардері Бидзина Иванишвилиге тиесілі дендрологиялық саябақ ашылды. Дендрология дегеніміз тал-терек, ағаштардан тұратын ботаникалық бақ түрі. Мамандар үш жыл бойы ағаш түрлерін отырғызып, күтіп, баптады. Табиғаттың көз тоймайтын ерекше жасыл –желегін тамашалау тегін. Аумағы 60 гектар болатын демалыс аймағы Озургети аймағында, Цвермагала мен Шекветили арасында орналасқан. Мамандар дендрология үшін бұл нақ табылған орын,-дейді. Өсімдіктердің ерекше коллекциясымен қатар, саябақта бүкіл әлемде сирек кездесетін 58 құс түрі бар.

Дендрологилық саябақ

2016 жылдың тамыз айында Шекветили курортының шетінде Грузиядағы алғашқы миниатюралық саябақ ашылды. Аумағы 2 гектар. Онда кәсіби комиссия мүшелері таңдап алған Грузияның маңызды архитектуралық ескерткіштерінің шағын сұлбалары бар. Егер сіз Грузиядағы көрікті жерлер мен ерекше сәулетті жерлер, мәдени орындарға барып үлгермесеңіз осы жерге келуге болады. Тіпті, алдымен осы шағын саябақты аралап болып, Батумиге сапарыңызды жоспарлауға болады. Саябақ аумағында кафе бар, көпшілік іс-шараларды өткізуге арналған мини-амфитеатр бар.

Миниатюр саябағы

Грузия, Батуми, Шевкетли туралы ауыз толтырып айтатын ақпараттар әлі де көп. Димаштың жанкүйерлері оның Грузияның кереметін көріп, әйгілі аренада ән салады деп үміттенеді.

Грузиялық Dear-лар атынан, Нино Боцвадзе
Dimash Georgia Fan Club Official.

Фото: Хатуна Курдованидзе