Түркияның «TMB TV» телеарнасынан Димаштың клиптері көрсетіледі

867

Қыркүйектің 14- інен бастап «TMB TV» ойын-сауық арнасы қазақтың ұлы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын насихаттайтын болады.

«TMB TV» – түрік ойын-сауық арнасы 2009 жылы құрылды. Негізін қалаған Самир Гурбановтың негізгі мақсаты – күллі әлемге түркі тілдес халықтардың мәдениетін таныту болатын. Арнада түрлі музыкалық шоу-бағдарламалар, әуезді хабарлар бар.

Қыркүйектің 14- інен бастап ойын-сауық арнасы Димаштың клиптерін трансляциялап, бір апта бойы оның шығармашылығын насихаттайтын болады. Жергілікті уақытпен 10:00 -14:00 және 17:00-23:00 аралығында “Haftanın Sanatçısı” яғни апта әртісі бағдарламасында көрсетіледі.