Миланда саундтрегін Димаш орындаған «Creators: The Past» фильмінің тұсаукесері өтті

84

10 қазан күні Миланда режиссер Зайя Пьерджузеппенің қатысуымен «Creators: The Past» фильмінің тұсаукесері өтті. Ондағы «Across Endless Dimensions» деп аталатын басты саундтректі Димаш Құдайберген орындады.

Өткен сенбіде Еуропаның ең үлкен “Arcadia Cinema Melzo” кинотеатрының Perlux экранында «Creators: The Past» фильімінің тұңғыш көрсетілімі өтті. Осы шараға біріге қатысу үшін «Dimash Italian Dears Club» және «Swiss Dears Club» жанкүйерлері арнайы бас қосты.

Тұсаукесер кезінде фильмнің режиссері Зайя Пьерджузеппе талантты әнші Димаштың дауысы бұл туындыға ерекше реңк беріп, әсерлендіре түскенін айтты. Сондай-ақ, режиссер көрермендерге титр аяқталғанша Димаштың әнін тыңдауға кеңес берген болатын. Фильмнің соңғы жазулары өткенше кинозал жарығы қосылмады. Көрермендер де тапжылмастан бар ықыласпен тыңдады.

Көрсетілімнен соң режиссер уақыт бөліп, қазақстандық әншінің жанкүйерлерімен кездесуті. Ол фильмге қолдау көрсеткені үшін Dear-ларға шын жүректен алғысын білдіріп, бұл кездесудің ерекше әсер қалдырғанын айтты.

Естеріңізге салсақ, «Across Endless Dimensions» саундтрегі осы жылдың 1 мамырында Димаштың ресми YouTube каналында жарияланған болатын.

Әннің өзі өткен жылдың күзінде жазылды. Дәстүр бойынша басты саундтрек фильмді соңғы титрмен бірге қорытындылайды

 

Бұл тұсаукесердегі өзгешелік ән орындалғанда соңғы жазулар ғана емес экранға Димаштың бейнесі де шықты. «Artuniverse» компаниясы Димаштың суретін арнайы қойған. Әнші көрермендердің көзіне тіке қарап тұрып ән салып тұрғандай әсер берді.