ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Ауыл» партиясы Димаш Құдайбергеннің «Stranger» турының аяқталуына орай оның...

«Ауыл» партиясы Димаш Құдайбергеннің «Stranger» турының аяқталуына орай оның команда мүшелерін марапаттады

Dimash World «Ауыл» партиясы Димаш Құдайбергеннің «Stranger» турының аяқталуына орай оның команда мүшелерін марапаттады

«Ауыл» партиясы Димаш Құдайбергеннің «Stranger» турының аяқталуына орай оның команда мүшелерін марапаттады

2025 жылдың 22 желтоқсанынла Астана қаласында «Ауыл» партиясының 2025 жылдағы қызметі қорытындысын шығаруға арналған есептік семинар-кеңес өтті. Аталған жиын аясында елдегі қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің әлемдік «Stranger» концерттік турының сәтті аяқталуына орай өнер иесінің шығармашылық командасының мүшелеріне арнайы наградалар табысталды.

«Ауыл партиясына 25 жыл» естелік медалімен марапатталғандар:

Асылов Ғалым – музыкалық бейнебаяндар мен көркем фильмдердің режиссері әрі қоюшы режиссері; Димаш Құдайбергеннің «Stranger» әлемдік турының бейне режиссері.

Бекчурин Ерлан – Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі; Димаш Құдайбергеннің аранжировщигі және саунд-продюсері; халықаралық құрамдағы DQ Team шығармашылық және техникалық жетекшісі.

Құрманбек Олжас – өнертану магистрі; «Қазақконцерт» бірлестігінің әртісі; халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты.

Наурыз Ернат – халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы; «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты; «Temirlan & Yernat» тобының мүшесі.

Нысанбаева Анель – Димаш Құдайбергеннің DimashNews ресми сайтының бас редакторы, баспасөз хатшысы.

Олжабай Темірлан – халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы; «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты; «Temirlan & Yernat» тобының мүшесі.

Сейфуллин Бауыржан – Қазақстан Республикасының АФСТ брейкинг бағыты бойынша жетекшісінің орынбасары; «Би спортын дамыту ұлттық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті; «Base» продюсерлік компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры; Димаш Құдайбергеннің «Stranger» әлемдік турының хореограф-қоюшысы.

Усманов Расул – өнертану магистрі; Астана қаласы әкімдігінің Жас көрермендер музыкалық театрының режиссері және актері; Димаш Құдайбергеннің музыкалық тобының мүшесі, бэк-вокалист.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әні бір жыл бойы Польша чартында көшбасшылық орнын сақтап келеді

Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» әні Radio Olsztyn (Польша) хит-парадында 52 апта қатарынан бірінші орынды иеленіп отыр. Осы кезең...

Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы Алматыдағы сапарын жалғастыруда

19 наурыз күні Түркістан мен Ақтауда жоғары бағаланған «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы Қазақстанның ең ірі қаласы – «алмалы»...

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы...

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алтыншы шығарылымы вокалистердің дуэттік өнер көрсетуіне арналды. Бағдарламаның бас продюсері Димаш Құдайберген мен оның...