ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Будапештте Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайбергеннің алдағы концертіне...

Будапештте Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайбергеннің алдағы концертіне арналған баспасөз конференциясы өтті

Dimash World Будапештте Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайбергеннің алдағы концертіне арналған баспасөз конференциясы...

Будапештте Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайбергеннің алдағы концертіне арналған баспасөз конференциясы өтті

17 желтоқсанда Будапешт қаласында Virtuosos Talent Show және Broadway Events Hungary ұйымдарының бастамасымен үш бірегей өнер иесін, атап айтқанда: аңызға айналған опера әншісі, тенор, дирижер, маэстро Пласидо Домингоны, виолончельді дербес өнер түріне айналдырған виртуоз орындаушы Степан Хаузерді және феноменалды әнші, композитор әрі продюсер Димаш Құдайбергенді бір сахнада тоғыстырды.

Баспасөз конференциясына Пласидо Доминго мен Хаузер жеке өзі қатысып, сондай-ақ музыкалық директор Петер Пейцик сөз сөйледі. Ал Димаш Құдайберген Қазақстаннан арнайы бейнеүндеу жолдады:

«Қадірлі ханымдар мен мырзалар, жұмыс кестемнің тығыздығына байланысты баспасөз конференциясына қатыса алмағаныма өкініш білдіремін. Дегенмен, ұйымдастырушыларға шексіз алғысымды білдіргім келеді, сондай-ақ өзім үшін аса қадірлі менің ең үлкен кумирім — маэстро Пласидо Домингоға және досым, керемет әрі айрықша дарынды музыкант Хаузерге терең ризашылығымды жеткіземін.
Олармен бір сахнада өнер көрсету — мен үшін зор мәртебе. Будапештте жүздескенше. Сіздерді жақсы көремін. Махаббаттарыңыз бен қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Кездескенше».

Концерт Венгрияның жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының, соның ішінде TV2 телеарнасының назарын аударып, Virtuosos Talent Show жобаларына тән дәстүр бойынша барлық ірі жаңалық платформаларында кеңінен жарияланды.

Бұл тарихи ынтымақтастық опера, классикалық кроссовер және айрықша вокалдық шеберлік үйлесім тапқан ерекше концерттік бағдарлама аясында қазіргі заманның ең көрнекті үш өнерпазын біріктіреді. Budafok Dohnányi Orchestra оркестрін көптеген марапаттардың иегері, маэстро Петер Пейцик дирижерлік етеді. Заманауи дыбыс дизайны мен әсерлі визуалды шешімдер концертті шын мәнінде ұмытылмас мәдени шараға айналдырмақ. Халықаралық шығармашылық команда іс-шараны толық қолдап, дыбыстан бастап визуалды эффектілерге дейінгі әрбір деталь көрермендерге айрықша әсер сыйлауға бағытталады.

Қазіргі таңда билеттердің едәуір бөлігі сатылып үлгерді, бұл аталған бірегей шығармашылық серіктестікке деген жоғары қызығушылықты көрсетіп, концерттің 2026 жылдың ең көп күтілетін мәдени шараларының бірі болатынын айғақтайды.

Концерт 2026 жылғы 18 сәуірде Будапешт қаласындағы MVM Dome аренасында өтеді.

Билеттер:
https://broadwayticket.jegy.hu/program/domingo-hauser-dimash-185702/1371326

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...