ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Бала отбасында өсуі тиіс: «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының қызметі

Бала отбасында өсуі тиіс: «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының қызметі

Dimash World Бала отбасында өсуі тиіс: «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының қызметі

Бала отбасында өсуі тиіс: «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының қызметі

23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева Астанадағы «Ана үйі» қоғамдық қорына барды. «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры көптеген жылдар бойы жаңа туған балалары бар әйелдерге қолдау көрсетіп, өмірдің қиын кезеңінде отбасын сақтауға және тұрмыстық тұрғыдан аяққа тұруға жәрдемдесіп келеді.

Іс-шара аясында Светлана Айтбаева ұлттық қазақы дәстүр — «Қырқынан шығару» рәсіміне қатысты. Салтанатты ғұрып қырық күнге толған қыз балаға арналды. Бұл күн баланың анасы үшін де, шараға қатысқан барлық жиналған қауым үшін де мәні зор, жылы әрі тағылымды шараға айналды.

Аталған күні қазақстандық «Алтын Бала» бренді «Ана үйіне» жөргектер мен нәрестелерге арналған күтім құралдарын табыстап, балаларға күнделікті күтім жасау үшін қажетті жағдайды қамтамасыз етуге үлес қосты.

«АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының қызметкерлері өз қызметтерінің негізгі мақсаты — балалар үйіне түсетін балалар санын азайту және әрбір бала үшін отбасын сақтап қалу екенін атап көрсетеді.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қор екі негізгі бағытты дамытады: «Ана үйі» жобасы және Ұлттық бала асырап алу агенттігі.

Жобаның негізгі меценаттары — Айдын және Анар Рахимбаевтар.

Анар Рахимбаева он екі жыл бойы «Ана үйі» жобасының іске асырылуын басқарып, қор бастамаларының жүйелі дамуын қамтамасыз етіп келеді.

«Ана үйі» жобасы өмірдің қиын жағдайына тап болып, баладан бас тарту мәселесін қарастырып жүрген әйелдерге жан-жақты көмек көрсетеді. Ана мен бала коттедж үлгісіндегі, 9–10 адамға арналған үйлерде тұрады. Әдетте жобаға бір баласы бар, 35 жасқа дейінгі әйелдер қатысады, алайда әрбір жағдай жеке тәртіппен қарастырылады.

Орта есеппен алғанда аналар «Ана үйінде» шамамен алты ай тұрады. Осы уақыт ішінде олар толық қамқорлыққа алынып, медициналық және психологиялық көмек алады. Әлеуметтік қызметкерлер жас аналарға жаңа өмірге бейімделуге және дербес болашаққа дайындалуға жәрдемдеседі.

Жоба 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында жаңа туған сәбилері бар шамамен 9 мың ана көмек алды. Бүгінде қор қызметінің нәтижесінде балалардан бас тарту қаупінің шамамен 70 пайызының алдын алуға мүмкіндік туып отыр.

Қазіргі уақытта «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының пилоттық ресурстық орталықтары бес мемлекетте: Өзбекстанда, Украинада, Қырғызстанда, Малайзияда және Түркияда — табысты қызмет атқаруда. Сонымен қатар жобаны Колумбия, Перу, Болгария, Польша және Таиланд елдерінде іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда.

«Қазақстанда даму кезеңінің шарықтау шегінде 26 “Ана үйі” жұмыс істеді. Қазіргі таңда олардың саны азаюда, бұл — балалардан бас тарту мәселесі бойынша өтініштердің қысқарғанын білдіреді. Қазір Астанада бір “Ана үйі”, Алматыда үшеуі жұмыс істейді. Жалпы ел бойынша 18 қалада 20 “Ана үйі” қызмет көрсетуде», — деп атап өтеді «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының баспасөз хатшысы Ажарлым.

Балалар орта немесе жоғары жаста балалар интернаттық мекемелеріне түскен жағдайларда іске Ұлттық бала асырап алу агенттігі араласады. Оның басты міндеті — психологиялық жарақатты барынша азайту мақсатында балаға мүмкіндігінше тезірек лайықты отбасын табу. Бүгінгі күні агенттіктің қолдауымен 2 мыңнан астам бала отбасына орналастырылған.

«Біз баланың өмірінің алғашқы күндерінен бастап өз отбасында өсуі үшін жұмыс істейміз. Кей жағдайда анаға тек қолдау, уақыт және жалғыз еместігін сезіну ғана қажет», — деп түйіндейді «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының баспасөз хатшысы Ажарлым.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» бағдарламасының тұсаукесері – алғашқы нәтижелері

Димаш Құдайберген орындаушы продюсері атанған «Voice Beyond Horizon» музыкалды реалити- шоуының алғашқы эпизоды , экранға шыққан алғашқы күні-ақ көрермендерді жаулап,...

Димаш Құдайберген өзінің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасының тұсаукесерін көрермендермен бірге өткізді

5 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің мыңдаған жанкүйері өнер иесімен бірге «Voice Beyond...

Түркістан жерінде Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы бастау алды

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» шоуының алғашқы эпизоды шуақты Түркістанда 6 елден келген сегіз қатысушының басын қосты. Жобаның бастамашысы әрі...

Пласидо Доминго, Андреа Бочелли, Игорь Крутой, Лара Фабиан, Маурисио Сулейман, Степан Хаузер және Саймон Уэбб Димаш Құдайбергенді «Voice Beyond Horizon» жобасының премьерасымен құттықтады

5 ақпанда әлемдік платформаларда Димаш Құдайбергеннің продюсерлік жобасы - «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алғашқы эпизоды эфирге шықты. Димаштың әлемге...

Латын Америкасы елдеріндегі жанкүйерлер Димаш Құдайбергеннің әнін қазақ тілінде орындады

Латын Америкасы елдеріндегі Димаш Құдайберген шығармашылығының жанкүйерлері «Unforgettable Day – Faithful Love, One Voice, One Dear Family» атты музыкалық...