ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың Чилидегі жанкүйерлері онкологиялық ауруханадағы балаларға қамқорлық көрсетуде

Димаштың Чилидегі жанкүйерлері онкологиялық ауруханадағы балаларға қамқорлық көрсетуде

Dears Димаштың Чилидегі жанкүйерлері онкологиялық ауруханадағы балаларға қамқорлық көрсетуде

Димаштың Чилидегі жанкүйерлері онкологиялық ауруханадағы балаларға қамқорлық көрсетуде

Чилидегі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлер клубы Луис Кальво Маккенна атындағы балалар онкологиялық ауруханасындағы ем қабылдап жатқан балаларға тағы да қолдау көрсетті. 23 желтоқсан күні фан-клуб мүшелері жедел жәрдем бөлімшесіне барып, алдағы мерекелерге орай балалар мен олардың ата-аналарына сыйлықтар табыстады.

Фан-клубтың әкімшісі Вильма Рамос: “Біз балалар мен ата-аналардың күту уақытын барынша жайлы әрі жағымды еткіміз келді”,- деп атап өтті. Сыйлықтар қатарында тәттілермен бірге ауруханада жатқан балаларға қажетті жөргектер де табысталды.

Сонымен қатар фан-клуб мүшелері жылына екі рет пластикалық бөтелке қақпақтарын жинап, оларды «Damas de Café» еріктілер ұйымы арқылы өткізеді. Жиналған қаражат әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың химиотерапия шығындарын өтеуге бағытталады.

«Димаш бізді әрдайым жақсылыққа ұмтылуға және өзгелерге қол ұшын созуға шабыттандырады», — деп атап өтті Вильма Рамос.

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...