ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш 2025 жылғы ÓČKO CHART чех хит-парадының жеңімпазы атанды

Димаш 2025 жылғы ÓČKO CHART чех хит-парадының жеңімпазы атанды

Dimash World Димаш 2025 жылғы ÓČKO CHART чех хит-парадының жеңімпазы атанды

Димаш 2025 жылғы ÓČKO CHART чех хит-парадының жеңімпазы атанды

2024 жылы Димаш Құдайберген Чехияда өткен ÓČKO CHART музыкалық сыйлығының салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, 2023 және 2024 жылдардың қорытындысы бойынша Together және When I’ve Got You композицияларымен жеңіске жетті. Осы кезеңнен бастап Димаш хит-парадтың ең танымал әрі беделді қатысушыларының бірі ретінде онығ музыкалық туындылары чехиялық Óčko музыкалық телеарнасында тұрақты түрде көрсетіліп келеді. 

2025 жылы Димаш ÓČKO CHART тізімінде бір мезгілде екі шығармамен ұсынылды:. Олар: лирикалық Love Is Not Over Yet композициясы және қазақ тіліндегі Tau Ishinde әні. 

Дауыс беру қорытындысы бойынша тыңдармандар тарапынан ең көп қолдауға ие болған Love Is Not Over Yet туындысымен Димашқа 2025 жылғы ÓČKO CHART жеңімпазы атанды. Байқау ұйымдастырушылары болашақта әртістің Прага қаласындағы TV Óčko студиясында  марапатқа ие болатынына сенім білдірді.

Димаш әлемдегі ең белсенді әрі ұйымшыл фан-аудиториялардың біріне ие орындаушы ретінде танылған. Әрбір хит-парадқа қатысуы барысында түрлі елдерден келген жанкүйерлер чехиялық Dears қауымдастығының бастамаларын қолдап, бірлесе жұмыс істейді. Осы қолдаудың нәтижесінде ÓČKO CHART тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш тіркелді, яғни Димаш барлық дауыс беру апталарында қатарынан айқын басымдықпен жеңіске жеткен және хит-парадта жеңіліс көрмеген жалғыз орындаушы атанды.

TV Óčko арнасының маркетинг жөніндегі директоры Михал Кржижек әртіспен серіктестігін жоғары бағалап, оның кәсібилігі мен адами қасиеттеріне ерекше тоқталды. Чехиялық Dears қауымдастығына жолдаған хабарламасында ол:

«Жұлдыз неғұрлым биік болған сайын, соғұрлым қарапайым болады деген ойдамын. ÓČKO арнасында бұл пікір сан мәрте дәлелденді», – деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...