ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Baqytty Bala 2022 байқауының жеңімпаздары анықталды

Baqytty Bala 2022 байқауының жеңімпаздары анықталды

Басты жаңалық Baqytty Bala 2022 байқауының жеңімпаздары анықталды

Baqytty Bala 2022 байқауының жеңімпаздары анықталды

13 тамызда Baqytty Bala 2022 IV балалар вокалдық байқауы аяқталды. Фестиваль жеңімпаздары-Қазақстанның, Ақтөбенің талантты вокалисі Жанерке Абдрахманова және Ресейдің Ульяна Зарва, Барнаул.

Ақтөбеде Baqytty Bala 2022 балалар вокалдық байқауының аяқталуына орай салтанатты Гала-концерт өтті. Қаланың басты сахнасы — «Өнер орталығы» концерт залында көптен күткен байқау нәтижелері жарияланды.

Конкурс дипломанттары:

1. Асылайым Болатқызы, Қарағанды,
2. Әмина Жапар, Нұр-Сұлтан,
3. Ясмин Аюпова, Қостанай Облысы,
4. Камиля Сағымбай, Қаскелең,
5. Сесил Алпер Сабри, Болгария,
6. Кристина Мария Пантеа, Румыния,
7. Давид Чарлин, Алматы.

III орын және 250 мың теңге жүлде иегерлері:

1. Аяулым Сабыр, Ақтөбе,
2. Юлия Макс, Алматы,
3. Елен Бадалян, Армения,
4. Ялки Сака, Түркия.

Құрметті II орын және 500 мың теңге жүлдеге иегерлері:

1. Милан Пак, Өзбекстан,
2. Мелани Гарсье, Испания.

I-орын мен 700 мың теңге жүлде Ақтөбе (Қазақстан) вокалисті Жанерке Әбдірахманова мен Барнаулдан (Ресей) Ульяна Зарваға бұйырды.

Сондай-ақ, байқау қатысушылары дәстүр бойынша арнайы сыйлықтарға ие болды.

“Көрермен көзайымы” жүлдесін шымкенттік вокалист Сағын Өмірбайұлы алды. (100к теңге).

Мәдениет қайраткері Қанат Айтбаевтың «Дәстүрге адалдық» арнайы жүлдесі мен 200 мың теңгені Қаскеленнен келген Шерхан Арыстан жеңіп алды.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаеваның «Өнер қарлығашы» сыйлығымен Шымкенттік Еңлік Байзақ марапатталды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Рухия Байдукенованың 100 мың теңгелік арнайы “Үміт” жүлдесі Данияр Дүйсенбековке бұйырды.

«Хабар» агенттігінің музыкалық продюсері Жан Мұқановтың «Артистік шеберлік”арнайы жүлдесі мен 200 000 теңге польшалық вокалист Юлианна Китоваға бұйырды.

Дәстүр бойынша Димаш Құдайберген шығармашылығының жанкүйерлері де арнайы сыйлық дайындаған. Нұр-Сұлтан қаласының қатысушысы Ақжарқын Айдосова Dears атынан 170 мың теңге алды.

Сондай-ақ, Гала-концертте кештің басты интригасы 2022 жылғы мерейтойлық балалар Евровидениесінде Қазақстанның атынан кім өнер көрсететіні анықталды. Байқау қорытындысы бойынша біздің елдің намысын алматылық жас вокалист Давид Чарлин қорғайды.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...