ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Берлин Димаш Құдайбергеннің шоуын қарсы алды: «Stranger» туры жалғасуда

Берлин Димаш Құдайбергеннің шоуын қарсы алды: «Stranger» туры жалғасуда

Dimash World Берлин Димаш Құдайбергеннің шоуын қарсы алды: «Stranger» туры жалғасуда

Берлин Димаш Құдайбергеннің шоуын қарсы алды: «Stranger» туры жалғасуда

14 қарашада Германия астанасында өткен жеке концертінде Димаш Құдайберген өзінің «Stranger» турын жалғастырды. Бұл қазақстандық әртістің Берлиндегі алғашқы концерті. Бұған дейін ол 2022 және 2024 жылдары Дюссельдорфта өнер көрсеткен болатын.

Бүгін Max-Schmeling-Halle сахнасында Димаштың өзінің он авторлық туындысымен қоса, жалпы алғанда жиырмадан астам композициясы орындалды.

Жас Димаштың алғашқы шығармаларының бірі — «Ұмытылмас Күн» әні 2016 жылғы алғашқы концерттік турынан бастап әрбір жеке концертінде орындалып келеді. Ол кезде бұл тур дәл осы авторлық композицияның атымен аталған еді.

10 жыл ішінде бұл әнді әлемнің көптеген елдеріндегі тыңдармандары жаттап алып, әрбір концертте Димашпен бірге сол бір ұмытылмас күнді үлкен сезіммен бірге шырқайды.

Бүгін осы және басқа да көптеген композициялар орындалғанда көрермендердің қолындағы шамдар жанып, бүкіл залға керемет сұлулық пен сиқыр сыйлады.

Бұл акцияны Dimash Fanclub Deutschland клубы тыңдармандарға алты мыңнан астам шам таратып, ерекше ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген болатын.

«Give Me Your Love» — алғаш рет 2019 жылы Мәскеуде өткен Димаштың жеке концертінде орындалған жарқын әрі динамикалық ән. Хореографиялық көрініспен безендірілген бұл туынды әрбір концерттік бағдарламада орындалып келеді.

Сондай-ақ 2021 жылы Dimash Digital Show онлайн-концертінде алғаш орындалған «Be With Me» авторлық әні де көрерменді жігерлендіретін композициялардың бірі. Бұл шығармадан Димаштың тек вокалист және биші ғана емес, рэп орындаушы ретіндегі таланты да айқын көрінеді.

«Smoke» және «When I’ve Got You» композицияларын Димаш алғаш рет 2023 жылы Гонконгтағы жеке концертінде орындаса, «Fire» әні 2024 жылы Астанадағы шоуда ұсынылды. Америкалық әріптестерімен бірлесіп жасалған бұл туындылардың барлығына кинематографиялық өрнек тән, бұл вампирлік және тыңшылық тақырыптағы клиптерден де байқалады.

Димаштың авторлық жұмыстарына абсолютті әртүрлілік тән екені сөзсіз. Мұны 2022 жылы Алматыда өткен «Stranger» турының атаулы концертінде алғаш кең аудиторияға ұсынылған терең философиялық мазмұны бар «El Amore En Ti» және «The Story Of One Sky» атты екі ірі туынды растайды. Бүгінгі Берлиндегі концертте де бұл туындылар көрермендердің ерекше эмоциясын тудырды.

2025 жылғы концерттік тур Димаштың жаңа жазған туындыларымен толықты. Нью-Йорктегі премьера күнінен бастап тыңдармандар қазақ тіліндегі «Самғау» әнінің және ағылшын тіліндегі «Living For The Game» композициясының релизін асыға күтуде.

Құрметті достар, Димаштың келесі жеке концерті 30 қарашада Египетте «The Pyramids Echo» фестивалі аясында екі сағаттық шоу форматында өтеді.

Ал «Stranger» турының жалғасы 12 желтоқсанда Латвияның Рига қаласында өтеді.

Іс-шараларға билеттерді төмендегі сілтеме арқылы алуға болады:
https://en.dimashnews.com/events-schedule/

Соңғы жаңалықтар

Үш жылда – әлемнің үш аймағы: Димаш Құдайбергеннің «Stranger» концерттік туры әлемнің 13 елін бағындырды

«Қазақстан – Армения – Венгрия – Қытай – Малайзия – Түркия – Чехия – Германия – АҚШ – Мексика...

Димаш 2025 жылғы ÓČKO CHART чех хит-парадының жеңімпазы атанды

2024 жылы Димаш Құдайберген Чехияда өткен ÓČKO CHART музыкалық сыйлығының салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, 2023 және 2024 жылдардың қорытындысы...

Димаштың Чилидегі жанкүйерлері онкологиялық ауруханадағы балаларға қамқорлық көрсетуде

Чилидегі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлер клубы Луис Кальво Маккенна атындағы балалар онкологиялық ауруханасындағы ем қабылдап жатқан балаларға тағы...

Бала отбасында өсуі тиіс: «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының қызметі

23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева Астанадағы «Ана үйі» қоғамдық қорына барды. «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры...

«Ауыл» партиясы Димаш Құдайбергеннің «Stranger» турының аяқталуына орай оның команда мүшелерін марапаттады

2025 жылдың 22 желтоқсанынла Астана қаласында «Ауыл» партиясының 2025 жылдағы қызметі қорытындысын шығаруға арналған есептік семинар-кеңес өтті. Аталған жиын...