ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Бесінші ақпанда Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» продюсерлік жобасының...

Бесінші ақпанда Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» продюсерлік жобасының тұсаукесері өтеді

Dimash World Бесінші ақпанда Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» продюсерлік жобасының тұсаукесері өтеді

Бесінші ақпанда Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» продюсерлік жобасының тұсаукесері өтеді

5 ақпан күні Қытайдың Hunan TV телеарнасында және Mango TV платформасында «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық реалити-шоуы әлемдік эфирге шығады.

Қазақстанда жоба Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі.

Қытайдағы «Singer» вокалдық байқауындағы алғашқы өнер көрсетуінен бастап, авторлық жобасының атқарушы продюсері деңгейіне дейінгі ұзақ әрі мазмұнды шығармашылық жолдан өткен Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген бұл жобаны өзінің кәсіби мансабындағы ең маңызды бастамалардың бірі ретінде зор мақтанышпен ұсынады.

Hunan Broadcasting System медиахолдингімен серіктестікте жүзеге асырылған «Voice Beyond Horizon» шоуы — Қазақстан мен Қытай арасындағы шығармашылық ынтымақтастықтың жаңа белесі. Аталған жоба аясында алты мемлекеттен келген өнерпаздар бір шығармашылық кеңістікке тоғысады.

Сербия, Италия, Малайзия, Қырғызстан, Қытай және Қазақстан елдерінен қатысқан үздік вокалистер өздерінің музыкалық қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, көрермендерді еліміздің ең көрікті өңірлерімен таныстыратын рухани жолбасшы рөлін де атқарады.

22 күнге созылған түсірілім барысында халықаралық шығармашылық топ мыңдаған шақырым жол жүріп, Түркістан, Ақмола, Маңғыстау, Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларындағы түсірілімдер арқылы әлемдік аудиторияға Қазақстанның табиғи және мәдени келбетін танытатын тамаша саяхат дайындап қойды.

Жоба ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне, Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Kazakh Tourism ұлттық компаниясына, түсірілім жүргізілген қалалар мен облыстардың әкімдіктеріне, сондай-ақ Qarmet, «Қазақмыс», «АлтынАлмас» компанияларына және Нұрлан Смағұлов қорына шынайы алғысын білдіреді.

Димаш Құдайберген көрермендерді музыканың тынысы дала желінің сыбдырымен астасатын, көрермендердің жүрегі Каспий толқынымен үндес соғатын, ал шығармашылық шабыт Қазақстанның әсем тауларының биігінде самғайтын ерекше жобаның жаңа әлеміне шақырады:

Қазақта «сыйға – сый» деген тамаша бір сөз бар. Қытай тілінде «тоу тау бау» дейді. Кезінде жиырмадан енді асып, үлкен армандарды қуып жүрген Димашты үлкен сахнаға шақырып, қолдау берген кісілер болған тұғын. Сол секілді мен де артынан еріп келе жатқан ұл-қыздарға бір кішкене септігімді тигізе алсам, сол игі.
Біз өте қонақжай халықпыз және де сіздердің нұрлы жүздеріңізді өзімнің Атамекенімде көріп отырғаныма ерекше қуанышты болып отырмын. Құрметті көрермендер, баршаларыңызды шын ықыласпен, шын ниетпен асыға күтудеміз

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Соңғы жаңалықтар

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алтыншы шығарылымы вокалистердің дуэттік өнер көрсетуіне арналды. Бағдарламаның бас продюсері Димаш Құдайберген мен оның...

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...

Чилида өткен Вальдивия апталығы аясында Димаш Құдайбергеннің әндері орындалды

Чилий қаласында өткен Вальдивия апталығы аясында әнші Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған мәдени акция ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қаланың негізі қаланған...

“Қазақстан – хит әндердің отаны әрі мәдени туризмнің магниті”: әлемдік ақпарат кеңістігінде Voice Beyond Horizon шоуы туралы пікірлер

Димаш Құдайбергеннің он екі бөлімнің төртеуін эфирге шығарып үлгерген «Voice Beyond Horizon» шоуы - ірі халықаралық телеарналар мен әлеуметтік...