ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Шанхай қаласында өткен 2026 жылғы Tmall NEWTY...

Димаш Құдайберген Шанхай қаласында өткен 2026 жылғы Tmall NEWTY Festival Offline Events фестивалінің ашылу және жабылу салтанатында өнер көрсетті

Dimash World Димаш Құдайберген Шанхай қаласында өткен 2026 жылғы Tmall NEWTY Festival Offline Events...

Димаш Құдайберген Шанхай қаласында өткен 2026 жылғы Tmall NEWTY Festival Offline Events фестивалінің ашылу және жабылу салтанатында өнер көрсетті

2026 жылғы 16 қаңтарда Шанхай орындаушылық өнер орталығында 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events фестивалінің салтанатты рәсімі өтті.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген фестиваль шымылдығын ашып, жаңа аранжировкада орындалған авторлық «Fire» композициясымен және шамамен он жыл бұрын Қытайдағы Singer жобасында зор табыспен жеткізген «All By Myself» әнімен көрермендерді жаңа шығармашылық кеңістікке жетеледі.

Брендтік жаңалықтар арасындағы «Оскар» деп танылатын фестивальдің марапаттау рәсімі заманауи уақыттың сценарийін қайта пайымдай отырып, ең озық әрі жарқын идеяларды бір арнаға тоғыстырды.

Маркетинг, сән, дизайн, мәдениет және өзге де салалардағы инновациялар үшін берілген марапаттар белгілі өнерпаздардың музыкалық қойылымдарымен үйлесіп, мерекелік сәттің салтанатын айшықтай түсті.

Салтанатты кешті жабу мәртебесі де қазақстандық өнерпазға бұйырды. Димаш «Олимпико» кантатасын орындап, биік белестерге бағытталған әсерлі үндеу жолдады.

Tmall – танымал брендтер мен ресми дилерлердің түпнұсқа өнімдерін сатуға маманданған Қытайдағы ірі онлайн-маркетплейс.

Singer жобасына қатысу және аяқталған кезеңінде де Димаш Құдайберген компания ұйымдастырған бірқатар іс-шараларға бірнеше мәрте қатысты. 2017 жылғы 10 қарашада ол Шанхай қаласында өткен Global Shopping Festival шарасында өнер көрсетіп, «Мысықтар» мюзиклінен «Memory» әнін орындаған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....