ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears "Біз бейбітшілікті таңдаймыз" атты әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Димаш жанкүйерлерінің...

«Біз бейбітшілікті таңдаймыз» атты әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Димаш жанкүйерлерінің жобасы

Dears "Біз бейбітшілікті таңдаймыз" атты әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Димаш жанкүйерлерінің жобасы

«Біз бейбітшілікті таңдаймыз» атты әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Димаш жанкүйерлерінің жобасы

24 қаңтарда Нью-Йорктегі ең үлкен Таймс-сквер экрандарының бірінде Димаш жанкүйерлерінің ауқымды жобасы іске қосылды. 91 фан-клуб бірігіп, бүкіл әлемде орын алған бірлік, достық және бейбітшілік туралы хабарлама жолдады.

Бұл Dears жобасы 2023 жылдың қазан айында «Бір аспан астында — Біз бейбітшілікті таңдаймыз» деген әмбебап футболка жасаудан басталды. Әрі қарай, әлемнің әр түкпірінен келген Димаштың жанкүйерлері бейбітшілікке шақырған футболкаларын киіп, әр түрлі бейнероликтер түсіріп, жазбалар жасады.

Нәтижесінде 10 бейнеролик түсіріліп, 24 қаңтарда Нью-Йорктегі Таймс-Сквердің ең танымал TSX билбордтарының бірінде сағат 17.00-ден 17.20-ға дейін көрсетілді.

Бүкіл әлемді бірлік пен бейбітшілікке шақырған жүздеген Dears-тың керемет даусы үйлесім тапқан әдемі бейнетізбек Димаштың «Бір аспан тарихы» атты керемет композициясымен сүйемелденді.

«Біз үміт пен махаббат ноталары орын алған осы таңқаларлық симфония сияқты біргеміз. Димаш бізді бүкіл әлемді әуенге айналдыратын көкжиекке бағыттай отырып, жүрегіміздегі шабытты оятады.

 

Димаштың теңдесі жоқ өнері — Жер шарының түкпір-түкпірінен жиналған бізді біріктіріп, әлемде бейбітшілік туы мәңгі желбіреуіне өз септігін тигізіп жатыр. Керемет оркестр сияқты, әрқайсымыз жарқын болашақтың партитурасын жасауға өзіміздің бірегей нотамызды қосамыз. Біздің жасап жатқан іс-әрекеттеріміз көзге көрінбесе де, бейбітшіліктің дәнін себе алатынымызға сеніміміз мол. Бірлік бар жерде күш бар.

 

Біздің DEARS отбасымыз өсе берсін, дауыстарымыз тоқтаусыз жаңғырық сияқты естіле берсін және біздің сіздермен бөлісетін әлемнің жарқын жолдауы бүкіл ғаламда толқын сияқты тарала берсін», — деп, Димаштың жанкүйерлері ерекше толғаныстарын жеткізді. .

Соңғы жаңалықтар

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...