ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears "Біз Қазақстанды жақсы көреміз"

«Біз Қазақстанды жақсы көреміз»

Dears "Біз Қазақстанды жақсы көреміз"

«Біз Қазақстанды жақсы көреміз»

Димаштың Чехиялық жанкүйерлері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дөңгелек үстелге қатысты.

13 мамырда Прагада Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшілігі мен Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық Академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы тұрақтылық пен игілік факторы ретінде» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды және мемлекеттік орган, ғылыми және сараптамалық топ, сондай-ақ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен онлайн-форматта өтті.

Дөңгелек үстел барысында қазақстандық дипломаттар аудиторияны еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі жетістіктерімен таныстырды. Олар:

«Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанда тұратын барлық этностарды біріктіретін бірегей институт болып табылады және бүгінде елімізде азаматтар үшін өз мәдениетін, салт-дәстүрін сақтауға барлық жағдай мен тең мүмкіндіктер жасалған. ҚХА халықаралық қоғамдастықта үлкен ықпалға ие. Бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылықтың артында барлық этностар өкілдерінің орасан зор еңбегі тұр», – деп атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар арасында «Прага жаңалықтары» медиакомпаниясының бас директоры Алеш Флитчер болды. Өз сөзінде ол:

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономика саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізді, әлеуметтік саясат ойластырылған және байсалды түрде құрылды. Чех халқы осы тамаша елмен жақсы таныс, біз көпұлтты Қазақстан халқына одан әрі өркендеуін шын жүректен тілейміз».

Іс-шараға Димаштың жанкүйерлерінің бірі Тамара Галова да шақырылды. Дөңгелек үстел барысында ол Dimash W4 Arnau Dears халықаралық тобының қатысушылары Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін қалай қамқорлыққа алатынын айтты.

Dimash W4 Arnau Dears халықаралық тобы 2019 жылдың наурыз айында Dears-тің қазақстандық орындаушының Нұр-Сұлтандағы концертіне дайындық кезінде құрылды. Оның қатысушылары – Димаштың әлемнің түрлі елдеріндегі: Қазақстан, Чехия, Ресей, Қырғызстан, Словакия, Болгария, Германия және Финляндиядағы жанкүйерлері.

Бір күні осы топтың мүшесі, Алматыдан келген Татьяна Наумова өз қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлыққа алуға қатысатынын айтты. Мұны білгеннен кейін, Dears осы балалар үйіндегі бір топты өз қамқорлығына алуға шешім қабылдады.

«Біздің қамқорлығымыз материалдық көмек көрсету: біз азық-түлік, бірінші қажеттіліктегі тауарлар, мектеп кеңсесі, сондай-ақ балалардың туған күндеріне сыйлықтар сатып аламыз. Сонымен қатар, Татьяна Наумова балалармен шет тілдерімен айналысады, оларға сыйлықтарды және біздің сәлемімізді жеткізеді! Біздің топтың мүшесі және әлемнің көптеген елдерінде Dears өлеңдеріне ғашық болған «Димаш ән салғанда» атты өлеңдер жинағының авторы, ақын Нина Бугайченко балаларға тоқу сабақтарын береді», – деп бөлісті Тамара.

Dears өз қамқорлығындағы балалармен Инстаграмдағы парақшада және WhatsApp-та жеке хат алмасу арқылы байланысады:

«Олардың өмірінде болып жатқанның бәрі біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды, дегенмен көпшілігіміз Қазақстаннан бірнеше мың шақырым қашықтықта тұрамыз. Еуропада және Қазақстанда карантиндік шектеулер аяқталғаннан кейін біз шынайы өмірде кездесетінімізге сенеміз!»

Дөңгелек үстел барысында Dears қамқорлығындағы өзінің туған күнін 13 мамырда атап өтетін Колаға сыйлық берді.

Димаштың Чехиялық жанкүйерлері Қазақстанның мәдениетімен байланысты іс-шараларға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Бұған дейін Татьяна Галова 2020 жылдың қазан айында Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабының тұсаукесеріне қатысып, Ұлы ақынның 175 жылдығына арналған кітап көрмесіне қатысты.

Чехиялық тағы бір жанкүйер Надя Кребсовамен бірге олар Инстаграм және фейсбукте «MAME RADI KAZACHSTÁN» («Біз Қазақстанды жақсы көреміз») @mameradikazachstan атты аккаунт жүргізеді, онда инстаграм қолданушыларын Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен және дәстүрімен таныстырады.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың словакиялық жанкүйерлері мұқтаж жандарға көмектесу үшін 2000 еуро аударды

Димаш Құдайбергеннің словакиялық жанкүйерлер клубының мүшелері ауыр өмірлік жағдайда қалған адамдарға көмектесу үшін 2000 еуро көлемінде қаражат жинап, қайырымдылық...

Алматыда «Сізді сүйем…» музыкалық драмасының премьерасы өтеді

13 маусым күні сағат 20:00-де Almaty Theatre сахнасында тәуелсіз театрлық жоба – «Сізді сүйем…» музыкалық драмасының премьерасы өтеді. Қойылым махаббат,...

Димаш Құдайбергеннің латынамерикалық жанкүйерлері қазақ тіліндегі халықаралық жобаны таныстырды

Димаш Құдайбергеннің латынамерикалық жанкүйерлері алты елдің өнерпаз жанкүйерлерін біріктірген «Omir» атты халықаралық шығармашылық жобаны ұсынды. https://www.youtube.com/watch?v=SpR1N68y-HY Бастамаға Коста-Рика, Мексика, Боливия, Аргентина,...

Димаш Құдайбергеннің әндері Венгриядағы iTunes музыкалық чартының ТОП-5 қатарына енді

Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар аясында Венгриядағы Dears iTunes платформасында өнерпазға кең ауқымды қолдау көрсетті. Нәтижесінде...

Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай Индонезия астанасындағы LED-экрандар жарқырай жанды

2026 жылғы 24 мамыр, жексенбіде Indonesian Dears Димаш Құдайбергеннің туған күніне ерекше тосынсый әзірледі. Махаббатқа, құрмет пен шынайы қолдауға...