ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Чехияның ÓČKO TV телеарнасында Димаштың қатысуымен қорытынды шығарылым шықты

Чехияның ÓČKO TV телеарнасында Димаштың қатысуымен қорытынды шығарылым шықты

Dimash World Чехияның ÓČKO TV телеарнасында Димаштың қатысуымен қорытынды шығарылым шықты

Чехияның ÓČKO TV телеарнасында Димаштың қатысуымен қорытынды шығарылым шықты

26 желтоқсанда чехиялық ÓČKO TV телеарнасы Димаш Құдайбергеннің қатысуымен ÓČKO CHART бағдарламасының қорытынды бөлімін көрсетті. Бағдарламаның жазылуы 21 қарашада Прагада Димаштың жеке концертінің алдында өтті. DimashNews әншінің түсірілім басталар алдында жанкүйерлерімен кездесуі туралы жазды.

Димашты қарсы алғаннан соң жоба жүргізушісі:

«Осы жерде ең жақын достарыңыз бен жанкүйерлеріңіздің алдында мен сізге бұл алаңдағы табысыңыздың мол екенін айтқым келеді. Біріншіден, сіз апта бойына барлық шығарылымда жеңіліс таппаған жалғыз әншісіз. Екіншіден, сіз бұдан бұрынғы жылдармен салыстырғанда барлық әншілер арасында ең көп дауыс жинадыңыз. Сіз – өнердің абсолютті королісіз».

Димаш 2021 жылы «Be with me» әнімен, 2023 жылы «Together» әнімен, ал 2024 жылы «When I’ve Got You» жаңа туындысымен бірінші орынды иеленді.

Димаш жанкүйерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, әлемнің төрт бұрышынан жиналған жанкүйерлерімен осында кездескеніне өте қуанышты екенін жеткізді.

Жүргізуші Димаш пен жанкүйерлерінің арасындағы керемет қарым-қатынасына ерекше таңданысын білдірді. Эфирде әртістің 2022 жылғы Прагадағы жеке концертінің алдында жанкүйерлерімен кездескен видеосы көрсетілді. Онда көліктің үстінде отырған Димаш өз қолтаңбасын беріп, Dears-пен әңгіме-дүкен құрып отырған болатын.

Бейнебаянды көрсетпес бұрын, 2023 жылдың жеңімпазы аталған Димаш «Together» әнінің композиторы өзінің інісі, жас музыкант Әбілмансұр Құдайберген екенін айтып, Қазақстанның үздік бейнемейкерлерінің бірі Ғалым Асыловқа алғысын білдірді.

Чех журналистерін Димаштың президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан алған сыйы – Тазы күшігі қатты қызықтырды. Олар әнші үшін бұл оқиғаның тосын сый болып-болмағандығына және әншінің бүгінгі таңда иттерді үйретумен айналысып жатқан-жатпағандығына өз қызығушылықтарын білдірді. Димаш сыйлық туралы алдын ала білгендігі және Ғарышкердің еркін түрде өсіп жатқандығы туралы бөлісті.

Жанкүйерлердің қолынан гитара-арфаны сыйға алған Димаш бірден барша жанкүйер сүйіп тыңдайтын «Махаббат бер маған» әнін орындап, студияға жиналғандарды өз өнерімен тәнті етті.

ÓČKO CHART 2023 және 2024 жеңімпазы ретінде Димаш ерекше естелік кубокпен марапатталды. Жүргізушілер бұл кубоктағы мүсіннің шеңбері – «Together» жеңімпаз трегінің дыбыс толқынының визуализациясы мағынасын білдіретіндігі туралы құпиямен бөлісті.  Нәтижесінде Димаштың қолына өзінің әні табысталды.

2024 жылы жеңіп алған «When I’ve Got You» әніне түсірілген бейнебаян көрсетілер алдында Димаш жүргізушілердің сұрауы бойынша жылды қорытындылады. Ол өтіп бара жатқан жылдың сәтті жыл болғанын, көптеген қызықты та маңызды жұмыстар атқарылғанын және келешекте кәсіби деңгейде даму, өсу жоспарлары бар екенімен бөлісті.

«Ең бастысы, менің айтқым келетіні: бүкіл әлемдегі жанкүйерлеріме үлкен алғысымды білдіре отырып, оларды өте жақсы көретінімді жеткізгім келеді. Қазір менің қызметімнің, мансабымның биіктеп жатқандығы және теледидар мен үлкен сахналарда өнер көрсетімуімнің бірден бір себебі – жанкүйерлерімнің маған деген қолдауларының арқасы.

Мен жалпы адамзатқа әлем соғыссыз бейбіт өмір сүруі керек екенін еске салғым келеді. Жалпы саясат туралы айтып көп сөйлегім келмейд. Өйткені мен өз ұстанымымды музыка арқылы да, әуенімнің сөздері арқылы жа жеткізіп жүрмін.

Алла Тағала әрқайсыңыздың қолдаушысы, қорғаушысы болсын. Қолдауларыңызға мың алғыс! Менің азды-көпті танымал болғандығым Алланың арқасы. Мен продюсерлермен жұмыс істемеймін, барлығын өзім, отбасыммен, ата-анаммен және достарыммен бірге жасаймын. Бұл менің жақындарым мен барша жанкүйерлерімнің арқасында жасалынып жатқан үлкен еңбек», — деді Димаш бағдарлама соңында.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Yazgi» синглі шетелдік радиостанциялардың эфирінде кеңінен таралуда. Композиция жарыққа шыққаннан кейін Бельгияның бірқатар радиостанцияларында ротацияға еніп,...

Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

9 тамызда Mediaset España медиа тобының құрамына кіретін Cuatro телеарнасы эфирден Димаш Құдайбергенге және оның вокалдық мүмкіндіктеріне арналған арнайы...

«Yazgı»: Димаштың түрік тіліндегі тұңғыш авторлық әнінің жазылу тарихы

3 тамызда продюсер, композитор, әнші әрі көптеген музыкалық шығармалардың авторы Димаш Құдайберген тыңдармандарына түрік тіліндегі алғашқы авторлық туындысы –...

Испанияның El Mundo газеті Димаш Құдайберген туралы көлемді мақала жариялады

Димаш Құдайбергеннің есімі тағы да Испанияның беделді басылымдарының бірінен көрініс тапты. Испаниядағы ірі ұлттық газеттердің бірі – El Mundo...

Димаш Құдайбергеннің «DiMENSIONS» атты әлемдік туры

Димаш Құдайбергеннің жаңа «DiMENSIONS» жобасы – уақыт пен кеңістікті шарлау идеясына негізделген туынды емес, бұл – әртістің болмысын оны...