ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Чили радиосы Димаш туралы жаңа бағдарлама дайындауда

Чили радиосы Димаш туралы жаңа бағдарлама дайындауда

Dears Чили радиосы Димаш туралы жаңа бағдарлама дайындауда

Чили радиосы Димаш туралы жаңа бағдарлама дайындауда

Чилидегі «Hoy» радиостанциясы «Димаш, шекараны кесіп өткен дауыс» деп аталатын апталық сегіз подкаст сериясын үлкен табыспен аяқтады. Бұл подкасттарды әншінің әр түрлі жұп жанкүйерлері жүргізіп, Димашқа қатысты қызықты тақырыптарды қозғады. Бұл шығарылымдар радио тыңдаушыларына әр апта сайын жүргізушімен бір сағаттық белсенді әңгіме-дүкен құра отырып, қызықты да пайдалы хабарды тамашалауға мүмкіндік берді.

23 тамызда соңғы сегізінші подкаст эфирге шығады. «Бұл біз үшін өте пайдалы және шабытқа толы тәжірибе болды», — деп Чилидегі Димаш фан-клубының жетекшілері Элиза мен Жаннетт СанМартин Ревеко өз алған әсерлерімен бөлісті. Олардың 97 адамнан тұратын командасы Димаш пен оның музыкасы Чилиде де, одан тыс жерлерде де аудиториясы кеңейе түсу үшін аянбай еңбек етуде.

Сонымен қыркүйек айында «Hoy» радиосында тікелей эфирде Димаш туралы жаңа апталық бағдарлама басталады. Бағдарлама төрт ай бойы, қыркүйектен желтоқсанға дейін эфирге шығып, радио тыңдаушыларын әншінің шығармашылығымен және жеке өмірімен таныстырып отырады.

Соңғы жаңалықтар

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...