ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Даланың үні Лондон сахнасында: «The Arts Stage» қазақ театры...

Даланың үні Лондон сахнасында: «The Arts Stage» қазақ театры Г.Хугаевтың «Қара тон» қойылымын қояды

Басты жаңалық Даланың үні Лондон сахнасында: «The Arts Stage» қазақ театры Г.Хугаевтың «Қара тон»...

Даланың үні Лондон сахнасында: «The Arts Stage» қазақ театры Г.Хугаевтың «Қара тон» қойылымын қояды

2025 жылдың 13 қарашасында Лондонда The Arts Stage театры алғаш рет қазақ тілінде, ағылшын тіліндегі субтитрлермен бірге «Қара тон» атты спектакльді ұсынады. Драматург Георгий Хугаевтың махаббат, адалдық, опасыздық пен ар туралы астарлы драмасын қазақстандық режиссер Асхат Маемиров сахналайды. Бұл қойылым британ көрерменіне қазіргі қазақ театрының жаңа қырын көрсетпек.

Антрактан кейін көрермендерді «Даланың жаны» атты концерттік бағдарлама күтеді. Онда дәстүрлі қазақ әндері мен билері, домбыра үні мен поэзиясы әдемі үйлесім тапқан. Бағдарламаға Қазақстанның белгілі өнер шеберлері қатысады.


____

«Қара тон» – борыш пен адалдық, ар мен махаббат, опасыздық арқылы рухани тазару туралы астарлы хикая.

Белгілі драматург Георгий Хугаев бұл туындысында Эзоп стиліндегі астарлы баяндау тәсілін қолданған. Оның кейіпкерлері – жануарлар. Әрқайсысы адам мінезінің түрлі қырларын, өмірлік философиясын бейнелейді. Мысалы: қоян – момындықтың, қарға – даналықтың, есек – табандылықтың, түлкі – айлакерліктің, қасқыр – зұлымдық пен опасыздықтың символы.

Режиссер Асхат Маемиров осы астарлы бейнелер арқылы түрлі өмірлік құндылықтар жүйесін сахнада қақтығыстырып, қайсысының адал, қайсысының теріс екенін көрерменнің санасына әсер ететін терең эмоциялық образдармен жеткізеді.

Қойылымның көркемдік шешімі – күнделікті өмірге ұқсас сахналарды реконструкциялау. Мұнда – әміршіл басшы, опасыз достар, мансапқор әріптестер мен мақсатқа жету үшін бәріне баратын ғашық бейнелері бар. Кейіпкерлер бір-бірін өтірік, жемқорлық пен арсыздық үшін аяусыз әшкерелейді.

«Эмоциялық және рационалды театр бар. Бұл қойылым – көрерменнің санасына әсер етіп, рухани серпіліс беруді мақсат тұтқан рационалды театрдың үлгісі. Қазіргі қоғамда материалдық құндылықтарға табыну күшейіп кетті. Біз осы спектакль арқылы рухани дүниенің маңызын еске салғымыз келеді», — дейді режиссер Асхат Маемиров.

Оның айтуынша, туындыда драма да, ирония мен өзін-өзі ирониялау элементтері де бар. «Мен Михаил Чехов әдісімен жұмыс істеймін. Әр актер өз рөлінің авторы болуы керек. Біз көптеген психологиялық тренингтер өткізіп, кейіпкерлердің ішкі әлемін аштық. Көрерменге ойды терең жеткізу үшін мен тек сахнаны ғана емес, көрермен залын да драмалық кеңістікке айналдырдым», — дейді режиссер.

Премьера Shaw Theatre сахнасында 13 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де өтеді.

Билеттерді сатып алу сілтемесі: https://www.eventbrite.co.uk/e/the-black-cloak-double-bill-tickets-1587389317179

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Нью-Йорктің дәл ортасында Наурыз мейрамын тойлады

Нью-Йорк қаласында, нақтырақ айтқанда Таймс-сквер алаңында Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара өткізілді. Аталған мереке қазақ диаспорасының өкілдерін, дипломаттарды, студенттер...

Димаштың орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әні бір жыл бойы Польша чартында көшбасшылық орнын сақтап келеді

Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» әні Radio Olsztyn (Польша) хит-парадында 52 апта қатарынан бірінші орынды иеленіп отыр. Осы кезең...

Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы Алматыдағы сапарын жалғастыруда

19 наурыз күні Түркістан мен Ақтауда жоғары бағаланған «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы Қазақстанның ең ірі қаласы – «алмалы»...

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы...

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...