ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Dears Димаштың бүкіл әлем бойынша фан-клубтарының логотиптері бар заттарды...

Dears Димаштың бүкіл әлем бойынша фан-клубтарының логотиптері бар заттарды Ақтөбе мұражайына тапсырды

Басты жаңалық Dears Димаштың бүкіл әлем бойынша фан-клубтарының логотиптері бар заттарды Ақтөбе мұражайына тапсырды

Dears Димаштың бүкіл әлем бойынша фан-клубтарының логотиптері бар заттарды Ақтөбе мұражайына тапсырды

Ақтөбелік Dears Димаштың әлемдік фан-клубтарының логотиптері бейнеленген заттарды Ақтөбе қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырды, деп хабарлайды DimashNews KazInform-ға сілтеме жасап.

Ақтөбелік фан-клуб мүшелері Гүлзада Сатқанова мен Ғазиза Көшкімбаева Димаш Құдайбергеннің шетелдік фан-клубтарының логотиптері бар кәдесыйларды табыстау үшін мұражайға барды.

Гүлзада Сатқанова айтқандай, Dears жақын арада мұражайда Қазақстанның табысты жастарына арналған экспозиция ашылатынын білді. Мұражай өкілдерімен кездесу барысында Димаштың ақтөбелік жанкүйерлері өздерінің фан-клубы мен бүкіл әлем бойынша үлкен Dears фэндомы туралы айтқан болатын. Осыдан кейін мұражай қызметкерлері оларға жаңа экспозиция залына материалдар әкелуді ұсынды.

Осылайша, Ақтөбе қаласының мұражай қоры Димаштың концерттері кезінде түсірілген белгішелер, жалаушалар, ән мәтіндері мен фотосуреттері бар брошюралармен толықтырылды.

«Осы хабар барлығына белгілі болғаннан кейін, әлемнің түкпір-түкпірінен Dears бізге хабарласа бастады және олардың фан-клубтарының логотиптері бар белгішелерді мұражайға тапсыруды өтінді. Бұл жолы біз музей қорына 50-ге жуық төсбелгіні тапсырдық», — деп бөлісті Гүлзада Сатқанова.

Экспонаттарды мұражай директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Бақытжан Қалнияз, ғалыми-хатшы Алман Ержанов, қазіргі тарихты зерттеу бөлімінің қызметкерлері Айбек Ертеміров, Айзагүл Жамбылова және қор зерттеу бөлімінің қызметкері Көркем Сейітхан қабылдады.

Мұражай қызметкерлері фан-клубқа өз алғыстарын білдірді. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім бастығы Айбек Ертеміровтің айтуынша, бұған дейін де Ақтөбе қалалық мәдениет бөлімі Димаштың қатысуымен өткен «Baqytty Bala» халықаралық байқауынан мұражайға заттар табыстаған.

Соңғы жаңалықтар

DIMENSIONS: Димаш әлемдік турдың алғашқы тарауының концепциясын таныстырды

1-тарау | Үнемі өзгерісте. Үнемі шынайы Терең әрі мөлдір қызыл түс тек Димашқа ғана арналып жасалған рухтың шеңберлі театрын бойына...

Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Yazgi» синглі шетелдік радиостанциялардың эфирінде кеңінен таралуда. Композиция жарыққа шыққаннан кейін Бельгияның бірқатар радиостанцияларында ротацияға еніп,...

Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

9 тамызда Mediaset España медиа тобының құрамына кіретін Cuatro телеарнасы эфирден Димаш Құдайбергенге және оның вокалдық мүмкіндіктеріне арналған арнайы...

«Yazgı»: Димаштың түрік тіліндегі тұңғыш авторлық әнінің жазылу тарихы

3 тамызда продюсер, композитор, әнші әрі көптеген музыкалық шығармалардың авторы Димаш Құдайберген тыңдармандарына түрік тіліндегі алғашқы авторлық туындысы –...

Испанияның El Mundo газеті Димаш Құдайберген туралы көлемді мақала жариялады

Димаш Құдайбергеннің есімі тағы да Испанияның беделді басылымдарының бірінен көрініс тапты. Испаниядағы ірі ұлттық газеттердің бірі – El Mundo...