ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген CNN телеарнасына тікелей эфирде сұхбат берді

Димаш Құдайберген CNN телеарнасына тікелей эфирде сұхбат берді

Dimash World Димаш Құдайберген CNN телеарнасына тікелей эфирде сұхбат берді

Димаш Құдайберген CNN телеарнасына тікелей эфирде сұхбат берді

10 қараша күні, Лондонға келген сәтінде-ақ, Димаш Құдайберген CNN телеарнасының студиясына арнайы шақырылды.
Еуропа уақытымен прайм-таймда көрсетілетін «What We Know with Max Foster» атты халықаралық жаңалықтар бағдарламасында әнші өзінің шығармашылық жолы мен басты миссиясы туралы сұхбат берді.

«Менің келесі қонағым – тек өз елінде ғана емес, бүкіл әлемде орасан зор тыңдарманы бар қазақстандық әнші. Сіздер Димаштың сегіз жыл бұрын Қытайда өзіне тән бірегей стилі мен алты октавалық даусымен танылғанын білесіздер ме?

Сонымен қатар Димаш 16 тілде ән орындайды. Қазір ол өз өнерін әлемнің түкпір-түкпірінде паш етуде. Осы аптада ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында концерт өткізді», – деп таныстырды жүргізуші Макс Фостер.

 

Сіз қазір Лондондасыз. Сіз Орталық Азияда, Қытайда, енді міне, бүкіл әлемде танымалсыз. Сіздің вокалдық диапазоныңыз бүкіл жұртты бірден баурап алды. Сіздің классикалық біліміңіз талантыңыздың бастауы болып санала ма?

— Иә, әрине. Ең алдымен, шақыртуыңыз үшін алғыс білдіремін. Бұл студияда болу мен үшін үлкен құрмет, әрі осы мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстанның атынан барша халықаралық көрермендерге зор ілтипатымды жеткізгім келеді.

Менің халықаралық мансабым шамамен 15 жыл бұрын басталды, ол кезде мен Астана қаласындағы Өнер университетінің студенті едім. Алдымен опералық ән айту мамандығы бойынша білім алдым. Кейін туған жерім Ақтөбеден елордаға көшіп келіп, поп және джаз бағытындағы вокалды меңгердім. Бірнеше жыл бойы композиция өнерін оқып, қазіргі уақытқа дейін білімімді жалғастырып келемін.

Бірақ сіз елордалық опера театры ұсынған қызметтен бас тартып, заманауи музыканы таңдадыңыз. Бұл шешіміңізге не себеп болды?

— Себебі менің дауыс табиғатыма және диапазоныма неоклассикалық музыка көбірек үйлеседі деп ойлаймын. Бірақ кейде тәжірибе жасағанды ұнатамын. Менің жанкүйерлерім бұны біледі: жай ғана шығармашылық ләззат үшін кей концерттерде рэп оқып, кейде рок орындаймын.

Толық диапазон. Сіздің дауыс ауқымыңыз алты октаваға жетеді. Менің білуімше, сіз өз мансабыңызда диапазоныңызды кеңейту үшін ерекше еңбектенген екенсіз. Бұрын ол екі октаваға қысқа болған дейді. Бүгінгідей нәтижеге қалай жеттіңіз?

— Шынымды айтсам, бұл Жаратушының сыйы шығар. Дегенмен мен өз ұстазым, вокалдан дәріс жүргізген Марат Айтимов ағайыма ерекше алғыс айтамын. Ол кісі әлі күнге дейін Ақтөбеде тұрады. Мен күн сайын вокалдық жаттығулар жасап, үнемі сабақтарымды қадағалап отырамын. Өйткені мықты болғың келсе –  күн сайын еңбек етуің керек. Лучано Паваротти айтқандай, елу жыл бойы сахнада жүргеннен кейін ғана «енді қалай ән айту керегін түсіндім» деген екен. Мен де осы оймен толық келісемін.

Мен Қазақстанда болғанда, Сіз  туралы көп естідім. Сіз еліңіздің шынайы мәдени елшісісіз. Тіпті қазір Сіздің мектебіңіз бен туып-өскен үйіңізге экскурсиялар ұйымдастырылады дейді. Сіз үшін Қазақстанды әлемге таныту ең үлкен мақтаныш. Солай емес пе?

— Иә, рас. Бұл – менің басты миссиям. Мен халықаралық сахнаға шықтым, бірақ бұл тек табыс не коммерция үшін емес. Менің мақсатым –  әлемге біздің тарихымызды, дәстүрімізді, мәдениетімізді, бейбітшілік пен сүйіспеншілікті таныстыру.
Сондықтан айтарым – Қазақстанға қош келдіңіздер!

Лондонға қош келдіңіз, Димаш. Келгеніңіз үшін көп рахмет.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Чилидегі жанкүйерлері онкологиялық ауруханадағы балаларға қамқорлық көрсетуде

Чилидегі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлер клубы Луис Кальво Маккенна атындағы балалар онкологиялық ауруханасындағы ем қабылдап жатқан балаларға тағы...

Бала отбасында өсуі тиіс: «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының қызметі

23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева Астанадағы «Ана үйі» қоғамдық қорына барды. «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры...

«Ауыл» партиясы Димаш Құдайбергеннің «Stranger» турының аяқталуына орай оның команда мүшелерін марапаттады

2025 жылдың 22 желтоқсанынла Астана қаласында «Ауыл» партиясының 2025 жылдағы қызметі қорытындысын шығаруға арналған есептік семинар-кеңес өтті. Аталған жиын...

Будапештте Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайбергеннің алдағы концертіне арналған баспасөз конференциясы өтті

17 желтоқсанда Будапешт қаласында Virtuosos Talent Show және Broadway Events Hungary ұйымдарының бастамасымен үш бірегей өнер иесін, атап айтқанда:...

Димаш Құдайберген Халықаралық мигранттар күніне арналған құттықтауын жолдады

18 желтоқсанда, Халықаралық мигранттар күніне орай, БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігі – Халықаралық көші-қон ұйымының Жаһандық елшісі Димаш Құдайберген әлемдік...