ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Тарих Лондондағы OVO Arena Wembley Димаш Құдайбергеннің шоуына дайын

Лондондағы OVO Arena Wembley Димаш Құдайбергеннің шоуына дайын

Әлем Тарих Лондондағы OVO Arena Wembley Димаш Құдайбергеннің шоуына дайын

Лондондағы OVO Arena Wembley Димаш Құдайбергеннің шоуына дайын

12 қараша күні алғаш рет қазақстандық музыкант Димаш Құдайберген Лондондағы әлемдік деңгейдегі концерт алаңы — OVO Arena Wembley сахнасында жеке концертін өткізеді. Димаш Құдайберген көрермендерге өзінің жаңа «Stranger» шоуын ұсынады.

Arena Wembley (бастапқы атауы — Empire Pool), бүгінде OVO Arena Wembley деп аталады. Бұл — 12 мыңнан астам көрерменді қабылдай алатын Лондондағы жабық көпфункционалды арена.

Empire Pool Артур Элвин 1934 жылғы Британ империясы ойындарына арнап салдырған. Сол кезде мұнда жүзу жарыстары өткен. Соңғы рет бассейн 1948 жылғы жазғы Олимпиада ойындары кезінде пайдаланылды. Кейінірек арена музыкалық концерттер, комедиялық шоулар, отбасылық шаралар мен түрлі спорттық жарыстар өтетін орынға айналды.

1976 жылы Empire Pool ғимаратына II дәрежелі архитектуралық мұра мәртебесі берілді. Бұл оның тарихи, сәулеттік және инженерлік маңызын айқындады. 1978 жылдың 1 ақпанында ғимараттың атауы Arena Wembley болып өзгертілді.

XXI ғасырдың басында арена толық жөндеуден өтіп, 2006 жылдың 2 сәуірінде Depeche Mode тобының концертімен қайта ашылды. 2022 жылдан бері OVO Arena Wembley атауымен танымал.

Бұл стадион Ұлыбританияның мәдени және спорттық өмірінің ажырамас бөлігі. Мұнда 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындары, сондай-ақ Wembley Professional Tennis Championships секілді әлемдік деңгейдегі жарыстар өткен.

1960-жылдардың ортасында бұл жерде NME атты жыл сайынғы концерттер ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам көрермен The Beatles, Cliff Richard & The Shadows, The Monkees, The Hollies, Dusty Springfield, Joe Brown & the Bruvvers, Dave Dee, Dozy, Beaky, Mick & Tich секілді әртістердің өнерін тамашалаған.

Кейінгі жылдары Wembley сахнасында Led Zeppelin, Genesis, Дэвид Боуи, The Rolling Stones, Bon Jovi, Pink Floyd, Queen, ABBA, Тина Тернер, Кристина Агилера, Бейонсе, Мадонна, Эд Ширан, Babymetal, Twenty One Pilots, Aespa және басқа да әлемге әйгілі орындаушылар концерт қойған

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...