ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаш Құдайбергеннің Dears қолдаушылары Лондонда бас қосты: қазақстандық әншінің...

Димаш Құдайбергеннің Dears қолдаушылары Лондонда бас қосты: қазақстандық әншінің жанкүйерлері әншінің концерті қарсаңында іс-шара өткізді

Dears Димаш Құдайбергеннің Dears қолдаушылары Лондонда бас қосты: қазақстандық әншінің жанкүйерлері әншінің концерті...

Димаш Құдайбергеннің Dears қолдаушылары Лондонда бас қосты: қазақстандық әншінің жанкүйерлері әншінің концерті қарсаңында іс-шара өткізді

11 қараша күні, Димаш Құдайбергеннің жеке концерті қарсаңында, Ұлыбритания астанасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген тыңдармандары жиналып, қазақ өнерпазының Лондонға көптен күткен оралуын атап өтті.

Dimash UK Dears фан-клубы ұйымдастырған pre-party The Royal Lancaster Hotel қонақүйінде өтті. Кеш қонақтарын кіреберісте қазақ мәдениетіне арналған көрме қарсы алса, зал ішінде шотландиялық музыкант Гордон Рэберннің өнерін тамашалады.

Қонақжайлық пен мәдени алмасу дәстүріне сай кеште Ұлыбритания мен Қазақстан өкілдері өнер көрсетті.

Англия атынан Лондондағы Корольдік музыка академиясының студенті, арфашы Элис Мизелли өнер көрсетті.
Уэльстен келген Gwalia Mens Welsh Male Choir ерлер хоры уэльс және ағылшын тілдерінде ән шырқады.
Ирландияның Music from Riverdance тобы ұлттық би өнерін паш етсе, Datchet Morris Dancers ұжымы да би нөмірлерімен көрерменді тәнті етті.

Қазақстаннан Кенжер мен Арлан Әбжановтар қобыз және фортепианода ойнап, ал әнші әрі гитаршы Ерболат Хұсайын өз Отанын қалың көрерменге таныстырды.

Кеш бағдарламасында Ұлыбритания мен Қазақстан мәдениетіне арналған көрме, қызықты лотерея, тайцзиден Ұлыбритания чемпионы Эмма Лидің шеберлік көрсетілімі, Чилиден келген Андреа мен қазақстандық Қымбаттың домбырамен орындаған әуендері шырқалды.Қазақстан мен Англияның атынан қатысқан кішкентай Мисс Каусар қонақтарға шағын қазақ тілі сабағын өткізіп, биші Гүлшара Жұбаева қазақтың халық биін орындады.

Шараға Димаштың шығармашылығын қолдауға келген белгілі қазақстандық режиссер Асхат Маемиров та қатысты. Ол 13 қараша күні Лондонда «The Arts Stage» театрының «Қара шапан» қойылымын ұсынбақ. Толықтай DimashNews сайтынан оқи аласыздар.

Кештің ерекше әсерлі сәттерінің бірі — Димаштың ата-анасы Қанат және Светлана Айтбаевтардың, сондай-ақ әртістің шығармашылық команда мүшелерінің қатысуы болды.

Қанат Құдайбергенұлы Dears қауымына өнерге деген шексіз сүйіспеншіліктері үшін алғысын білдіріп, әрбір кездесуден шабыт алатыны туралы айта кетті. Сондай-ақ Димаштыі концерттері арқылы түрлі елдердің адамдары достасып, мәдени байланыс орнататып жатқанына ерекше қуанышын да жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...