ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш франциялық БАҚ беттерінде

Димаш франциялық БАҚ беттерінде

Dimash World Димаш франциялық БАҚ беттерінде

Димаш франциялық БАҚ беттерінде

Француздық Planète Paix журналының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі соңғы санында Димаш Құдайберген туралы мақала жарық көрді.

Planète Paix – дүниежүзіндегі маңызды мәселелерді қарастырып, әлемді бейбітшілікке шақыратын ай сайынғы шығып тұратын Франциядағы жалғыз журнал. Журналдың контентін дайындауға Францияда ғана емес, шетелде де өз білімдерімен танылған танымал журналистер, бірлестік жетекшілері, шенеуніктер, суретшілер мен сарапшылар жұмыс істейді. Бұл журнал жергілікті деңгейден жаһандық деңгейге дейін барлық деңгейде бейбітшілік орнатуға ұмтылған адамдардың ойларын, әрекеттері мен күш-жігерін көрсетуге жұмыс істейді.

«Димаш Құдайберген: әлем жұлдызы және бейбітшілік елшісі» деп аталатын мақалада автор әншіні Қазақстанды танытатын халықаралық негізгі әртістердің бірі ретінде атап өтеді. Сондай-ақ, Димаштың балалық шағынан бүгінге дейінгі шығармашылық жолы туралы айтылады.

Автор өз туындысында Димаш татулық пен бірлік тақырыптарын бір емес бірнеше рет көтергенін, бұл әсіресе оның «Бір аспанның тарихы» атты ең ірі авторлық шығармасында жақсы суреттелгенін атап көрсетеді. Сондай-ақ, 2024 жылдың ақпан айында қазақстандық әнші БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының аймақтық ізгі ниетті елшісі атанды.

Сонымен қатар, автор Димаштың татулық пен бірлік философиясы идеясы оның ерекше құрметке ие болған «Dears» атты жанкүйерлерінің тарапынан қолдау тапқаны туралы атап айтқан. Жыл сайын әртүрлі елдердің жанкүйерлері сүйікті әртістерінің ізімен дүние жүзінде түрлі гуманитарлық және экологиялық бастамаларды жүзеге асырып жатқаны туралы да жазады.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Madison Square Garden-дағы өткен соло концерті туралы деректі фильмінің трейлерін ұсынды

2025 жылғы 5 қазанда Димаш Құдайберген әлемдегі ең әйгілі концерттік алаңдардың бірі Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden сахнасында ТМД...

Димаштың чехиялық жанкүйерлері ерекше қажеттілігі бар сәбиге қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық қорын ұйымдастырды

Чехиядағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қатарынан екінші жыл қайырымдылық бастамаларын жүзеге асырып, ерекше қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсету дәстүрін жалғастырып...

Польша мектебінде Қазақстан мәдениеті мен Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған кездесу өтті

2026 жылғы 1 маусымда Слупск қаласындағы №2 бастауыш мектепте білім беру және мәдениетаралық ынтымақтастық бастамалары аясында Қазақстан Республикасының мәдениетін...

Димаштың словакиялық жанкүйерлері мұқтаж жандарға көмектесу үшін 2000 еуро аударды

Димаш Құдайбергеннің словакиялық жанкүйерлер клубының мүшелері ауыр өмірлік жағдайда қалған адамдарға көмектесу үшін 2000 еуро көлемінде қаражат жинап, қайырымдылық...

Алматыда «Сізді сүйем…» музыкалық драмасының премьерасы өтеді

13 маусым күні сағат 20:00-де Almaty Theatre сахнасында тәуелсіз театрлық жоба – «Сізді сүйем…» музыкалық драмасының премьерасы өтеді. Қойылым махаббат,...