ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш «Открытие года» номинациясымен марапатталды

Димаш «Открытие года» номинациясымен марапатталды

Dimash World Димаш «Открытие года» номинациясымен марапатталды

Димаш «Открытие года» номинациясымен марапатталды

Сүйінші! Димаш «Открытие года» номинациясымен марапатталды! Қазақстандық эстрада жұлдызы, әлем халықтарының сүйікті әншісіне айналған Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» ұлттық музыкалық сыйлығының «Открытие года» номинациясын ұтып алды, деп хабарлайды dimashnews.com сайты.

Ал мұны Ресей Федерациясының ұлттық музыканы қолдау қорының сарапшылары анықтап, тағайындайды. Бұл номинацияны 2015 жылы Юлианна Караулова мен Егор Крид иеленген болса, 2016 жылы Ростислов Мудрицкий алған. Бүгін Мәскеудегі Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында сыйлық жеңімпаздарының есімдері жазылған арнайы конверттер салтанатты жағдайда ашылды. Олардың қатарында қазақстандық эстрада жұлдызы, әлем халықтарының сүйікті әншісі Димаш Құдайберген де бар. Айта кетейік, әр жылдың соңында «Виктория» сыйлығы аясында үздік музыканттар, орындаушылар, композиторлар, ақындар, продюсерлер, музыка сыншылары, журналистер және ірі медиа холдингтердің басшылары таңдалады.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...

Мексикадағы Димаш Құдайбергеннің муралы қалай жасалды?

Мексиканың Монтеррей қаласындағы Димаш Құдайберген бейнеленген мурал қала аумағынан тыс жерлерге де кеңінен танылып үлгерді. 14 қарашадағы концерттен кейін...

Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен танысу туралы

Мексикалық блогер Лео Кантро (Leo Cantro) бірнеше жылдан бері испантілді аудиторияны Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен, қазақтың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып...