ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Египетте өтетін "The Pyramids Echo" фестивалінде өнер...

Димаш Құдайберген Египетте өтетін «The Pyramids Echo» фестивалінде өнер көрсетеді

Dimash World Димаш Құдайберген Египетте өтетін "The Pyramids Echo" фестивалінде өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген Египетте өтетін «The Pyramids Echo» фестивалінде өнер көрсетеді

2025 жылдың 30 қарашасында Димаш Құдайберген Египеттегі Гиза қаласында орналасқан «Pyramids Panorama» алаңында өтетін «The Pyramids Echo» фестиваліне қатысады.

Бұл фестиваль әлемге әйгілі оркестрлер мен солистерден бастап, заманымыздың рухын айқындайтын бірегей орындаушыларды бір арнаға тоғыстырады. Мұнда көрермендер музыка шеңберінен шығып, түрлі өнер мен мәдениеттің тоғысқан ерекше қойылымдарын тамашалай алады.

Жаңа буынға шабыт беруді, қызығушылық пен музыкалық өнерге деген терең түсінікті арттыруды мақсат еткен «The Pyramids Echo» – жай ғана фестиваль емес, ол – ілгері қадам, жаңа көзқарас. Бұл жоба музыканы тек көңіл көтерудің құралы ретінде емес, тарихтың жаңғырығы, білімнің бастауы және болашақтың дәстүрі ретінде танытуды көздейді.

Билеттерге тапсырыс – 15355 нөмірі арқылы немесе сілтеме бойынша: tazkarti.co/Dimash

Соңғы жаңалықтар

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алтыншы шығарылымы вокалистердің дуэттік өнер көрсетуіне арналды. Бағдарламаның бас продюсері Димаш Құдайберген мен оның...

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...

Чилида өткен Вальдивия апталығы аясында Димаш Құдайбергеннің әндері орындалды

Чилий қаласында өткен Вальдивия апталығы аясында әнші Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған мәдени акция ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қаланың негізі қаланған...

“Қазақстан – хит әндердің отаны әрі мәдени туризмнің магниті”: әлемдік ақпарат кеңістігінде Voice Beyond Horizon шоуы туралы пікірлер

Димаш Құдайбергеннің он екі бөлімнің төртеуін эфирге шығарып үлгерген «Voice Beyond Horizon» шоуы - ірі халықаралық телеарналар мен әлеуметтік...

Түркістаннан шаһарынан алған әсер әнге жалғасты – Димаш Құдайберген «Voice Beyond Horizon» жобасының үшінші эпизодын ұсынды

19 ақпанда Hunan TV және Mango TV платформаларында Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-жобасына қатысушылардың орындауындағы әндер қайтадан...