ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Вьетнамдағы 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars...

Димаш Құдайберген Вьетнамдағы 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars фестивалінде өнер көрсетеді

Dimash World Димаш Құдайберген Вьетнамдағы 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars фестивалінде өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген Вьетнамдағы 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars фестивалінде өнер көрсетеді

2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Вьетнамның 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars атты ең ірі мәдени фестивалінде өнер көрсетеді.

8Wonder Winter 2025 – Symphony of Stars музыкалық фестивальдер сериясының бесінші маусымын ашады. Бұл жобада әлемдік музыканың биік шыңдары таныстырылып, халықаралық деңгейдегі мәдени алаң қалыптасады.

Ханой халықаралық көрме орталығының сахнасында географиялық шекараларды еңсеріп, музыканың ортақ тілі арқылы мәдениеттерді тоғыстырған әлемдік және вьетнамдық жұлдыздар өнер көрсетеді. Олардың қатарында:

Алиша Киз – 17 «Грэмми» сыйлығының иегері, әлемге әйгілі музыкалық икона;

Ван Май Хыонг – Вьетнам жұртшылығының сүйікті баллада орындаушысы;

Димаш Құдайберген – бүкіл әлем тыңдармандарын таңдандырған ерекше диапазон иесі, ғаламат дауысты әнші;

Aespa – жуырда «Rich Man» мини-альбомын шығарған музыка мен технологияның тоғысын бейнелейтін 4-буынның үздік K-pop тобы;

HIEUTHUHAI – миллиондаған қаралым жинаған рэп-орындаушы, «Anh trai Say Hi» шоуының жеңімпазы;

MAYDAYS – «Phép Màu» атты хитымен танылған инди-музыкадағы жарқын жаңа есім.

Фестивальге билеттердің сатылымы 24 қазаннан бастап ашылды. Оларды VinWonders.com, Ticketbox, Klook.com және Trip.com сайттарынан сатып алуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...