ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Димаш Құдайберген мен Hunan TV телеарнасы 2026 жылдың ғаламат...

Димаш Құдайберген мен Hunan TV телеарнасы 2026 жылдың ғаламат премьерасын ұсынады – «Voice Beyond Horizon» бірлескен жобасы

Басты жаңалық Димаш Құдайберген мен Hunan TV телеарнасы 2026 жылдың ғаламат премьерасын ұсынады –...

Димаш Құдайберген мен Hunan TV телеарнасы 2026 жылдың ғаламат премьерасын ұсынады – «Voice Beyond Horizon» бірлескен жобасы

Сегіз жыл бұрын Ұлы Жібек жолының әндері күллі әлемге естілсе екен деген арманмен Димаш Қытай сахнасына алғаш шыққанда, өнердің шекарасы жоқ екенін сезінген еді.

Жаңа «Voice Beyond Horizon» жобасында Димаш бастамашы ретінде әлемнің әр түкпірінен сегіз әншіні шақырды. Олар:

Prince –  Сербия елінің әншісі, Евровидение байқауында өз елін танытқан өнер иесі.

Цай Чэнъюй –  Қытайдың алтын дауысты теноры, жеке орындаушылық жолын енді бастаған талант.

Джулия – керемет үнімен шипа болатын, ерекше атмосфера тудыратын итальяндық әнші.

Чжан Синьюй – Қытайдың танымал жас жұлдызы, оның әндері миллиардтаған көрілім жинаған.

Нұржас – Қазақстанның мақтанышы, магниттей тартатын ерекше дауыс иесі.

Ла Даньчжу – Қытайдың халық әншісі, таулардың қуатын бойына сіңірген күшті дауыс иесі.

Нур Чолпон – Қырғызстанның ұлттық қазынасы, жас жұлдыз әрі әннің авторы.

Джерри Ли –  Малайзияның жаңа буын чемпионы, көптеген музыкалық марапаттардың иегері.

Олар бірге өз дауыстары арқылы мыңжылдық Жібек жолы өркениеттерін тоғыстырып, музыкалық сапарды бастау үшін Қазақстанға жол тартты.

22 күн ішінде олар 7436 шақырымды еңсеріп, Қазақстанның төрт бірегей қаласын аралады. Әр қалада музыканың ырғағы жүрек соғысымен үндесіп, әуендер ежелгі өркениет жаңғырығымен тербелді.

Түркістан. Ежелгі қабырғаларға қол тигізіп, мыңжылдық Жібек жолының ұмыт болған ізіне жан бітіру.

Ақтау. Тұзды жартастар мен әуен дыбыстарының үнқатысында аспан мен жердің әуезін сезіну.

Алматы. Әндер ғасырлар бойы құрылған бақтардың үстінде қалықтап, далаға тарап, жылы достықтың лебін жеткізеді.

Астана. Әртүрлі тілдегі әндер тоғысып, болашақтың симфониясын өрнектейді. Елордалық концерт аспаптардың және жүректердің ішкі гармониясын бірге тербейді.

2026 жылдың ғаламат премьерасы! «Voice Beyond Horizon» – таулар мен теңіздерден асып, көкжиектен мәңгілік сәуле шашып, жалын атқан ән.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің...