ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Сирек кездесетін жаһұт» — вьетнамдық БАҚ Димаш Құдайберген туралы

«Сирек кездесетін жаһұт» — вьетнамдық БАҚ Димаш Құдайберген туралы

Dimash World «Сирек кездесетін жаһұт» — вьетнамдық БАҚ Димаш Құдайберген туралы

«Сирек кездесетін жаһұт» — вьетнамдық БАҚ Димаш Құдайберген туралы

2025 жылы 6 желтоқсанда Ханой қаласында өтетін ең ірі 8WONDER Winter 2025 фестивалінде Димаш Құдайбергеннің өнер көрсетуі қарсаңында Вьетнамның көптеген бұқаралық ақпарат құралдары қазақстандық әртіс жайлы жазуда.
Вьетнамның жетекші басылымдарының бірі Saigon Giai Phong фестиваль туралы хабарлай отырып, былай деп жазады:

«Димаш Құдайберген — Қазақстаннан шыққан әлемге әйгілі әнші. Ол алты октава мен бес жарты тонды қамтитын ерекше дауыс диапазонымен ерекшеленеді. Әнші өз тыңдармандарын терең әрі күшті баритоннан бастап, физикалық мүмкіндіктерге бағынбайтындай көрінетін сирек кездесетін жоғары ноталарға дейінгі дауыстық мүмкіндігімен таңғалдырып келеді.

Миллиондаған жанкүйерлер Димашты тек вокалдық шеберлігі үшін ғана емес, сонымен қатар әнлері арқылы тарихты жырлап, тіл мен мәдениет шекараларын еңсеріп, адамдардың жүрегіне жол таба білетіні үшін де қадірлейді».

Ал Вьетнамның күнделікті ірі газеттерінің бірі Tuoi Tre Димашты «сирек кездесетін жаһұт» деп атап, бұл атауға түсініктеме береді:
«Жаһұт» — өйткені ол талантты, ал «сирек» болатын себебі — ол қоғамдағы жалпы ағымға ермейді:

«Музыкада алгоритмдер мен формулалар үстемдік еткен дәуірде Димаш өз жолын таңдап, классикалық музыка, поп, фолк және опера элементтерін үйлестіре білді. Ол ағылшын, орыс, француз, қытай, араб және қазақ тілдерін қоса алғанда, 13-тен астам тілде ән айтады. Әрбір тіл — ол үшін жергілікті мәдениет пен тыңдарманға құрмет білдірудің бір түрі.

Димаштың шын мәніндегі ерекшелігі — оның шығармашылық ұстанымында. Ол өз шығармашылық еркіндігін сақтау үшін, ірі дыбыс жазу компанияларымен ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қоймайды.

Ешқандай жанжал да, жарнамалық айла-шарғы да жоқ. Ол тек өзіне лайық деп санаған туындыларын ғана халыққа ұсынады.

Даңқ тез келіп, тез ұмытылатын индустрияда Димаш баяу, бірақ сенімді әрі мұқият әрекет етеді. Ол — әр нотаны жарқырағанша қырнайтын зергер секілді.
Қоғам талғамының ықпалына ермей, өнердің тазалығына адал болу – бүгінгі таңда сирек кездесетін қасиет.

Димаш — нағыз өнердің айғағы. Ол үшін жарнаманың тіпті де қажетіжош, оған тек шынайы жүрек, нәзік сезім мен мінсіз шеберлік керек».

Сонымен қатар, шетелдік журналистер тек Димаштың биыл шілдеде Ханойдағы Ho Guom Opera сахнасында өткен алғашқы концертін еске алып қана қоймай, оның шығармашылығын терең зерттеп, аналитикалық мақалалар мен музыкалық сыншылардың пікірлеріне де назар аударуда.

Мысалы, Вьетнамның ең танымал жаңалықтар сайттарының бірі VnExpress басылымы жариялаған «Димаш — аспанмен астастан дауыс иесі» атты мақалада журналист Astana Times газетінде жарияланған материалдан үзінді келтіреді:

«Жас болса да, Димаш Құдайбергеннің музыкасы өз тыңдарманының толықтай назары мен зейінін талап етеді. Оның кейбір әндері соғыс, аштық және табиғи апат сияқты қазіргі заманның қайғылы құбылыстарына деген өз көзқарасын білдіреді».

Мақалада адамзатқа дәл осындай талант иелері қажет екені ерекше атап өтіледі:

«Димаш Құдайберген тыңдарманға қысым жасап, өзіне табынуды талап етпейді. Керісінше, ол әрқайсымыздың ішіміздегі жарықты бейнелеп, сол жарықты сақтап, өзгелермен бөлісу — біздің ортақ міндетіміз деп түсінеді».

Соңғы жаңалықтар

Испанияның El Mundo газеті Димаш Құдайберген туралы көлемді мақала жариялады

Димаш Құдайбергеннің есімі тағы да Испанияның беделді басылымдарының бірінен көрініс тапты. Испаниядағы ірі ұлттық газеттердің бірі – El Mundo...

Димаш Құдайбергеннің «DiMENSIONS» атты әлемдік туры

Димаш Құдайбергеннің жаңа «DiMENSIONS» жобасы – уақыт пен кеңістікті шарлау идеясына негізделген туынды емес, бұл – әртістің болмысын оны...

Аргентиналық оқушылар Қазақстанды Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы арқылы танып-білді

Аргентинаның Эсейса қаласында жүзеге асырылған ерекше білім беру жобасы аясында мектеп оқушылары Қазақстанның мәдениетімен танысып, өз елінің тарихын зерделеп,...

«Aqerke»: Димаш Құдайберген халықтық классиканың заманауи үлгісін ұсынды

2026 жылы 31 шілдеде Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің YouTube арнасында қазақтың халық әні «Aqerke» шығармасының заманауи нұсқасын...

Италиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Ақтөбедегі балалар үйлеріне арнап қайырымдылық қорын өткізді

Италиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Ақтөбе қаласындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Игі бастама үшін жиналған...