ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген «KIELI MEKEN» әніне түсірілген жаңа бейнебаянның тұсауын...

Димаш Құдайберген «KIELI MEKEN» әніне түсірілген жаңа бейнебаянның тұсауын кесті

Dimash World Димаш Құдайберген «KIELI MEKEN» әніне түсірілген жаңа бейнебаянның тұсауын кесті

Димаш Құдайберген «KIELI MEKEN» әніне түсірілген жаңа бейнебаянның тұсауын кесті

27 қарашада Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ қолдауымен түсірілген Димаш Құдайбергеннің жаңа клипі жарыққа шықты.

Бейнебаянның премьерасы Алматыда Қазақстанның Қытайдағы туризм жылының жабылуына арналған Форумда өтті.

«Киелі мекен» әніне бейнебаян Қазақстанның ең көрікті, ең киелі, қасиетті жерлерінде түсірілген болатын. Қазақстан – Сырға толы таулар, мөлдір суы бар көлдер, тылсым үңгірлер мен терең шатқалдар, шексіз дала, еркін ескен жел мен сан ғасырлық тарихты болашаққа жеткізген көкірегі ояу, көзі ашық тұлғалары бар аймақ.

Бейнебаянның басты кейіпкерлері Димаш пен Әбілмансұр Құдайбергенмен бірге көрермендер виртуалды саяхатқа аттанады.

Бүркіттің қанатында Көлсай көлдері Шарын шатқалы мен Торыш алқабында ұшқан бүркіт, Ақмешіт үңгірі мен Бозжыра шатқалының қиыр түкпірлеріне қарай бағытталып, Әзірет-Сұлтан мұражай-қорығынан бірегей кадрларды тамашалай келіп, ары қарай
Бурабай, Қатонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатау ұлттық саябақтарына аттанады.

«Біз Димашқа елімізді шетелде танытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Өйткені, ол өнері арқылы Туризмнің алғашқы Елшісі ретінде, шетелдік аудиторияға туған жерін таныстыруға, оларды Қазақстанның көрікті жерлерін тамашалауға шақырудан еш жалықпаған. Дүние жүзіндегі Димаштың жанкүйерлері қайталанбас тарихи көркем жерлерден шабыттанып, еліміздің жаңа қырларын ашқысы келетініне сенімдіміз», – деді форумда «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.

DimashNews-ке бейнебаянның қалай түсірілгені туралы режиссер Ғалым Асылов:

«Видеоның негізгі идеясы Димаштың Қазақстандағы сүйікті жерлерінің табиғатымен үйлесімін көрсету болды. Бастапқы жоспарда негізгі туристік орындардың графикасы мен әртүрлі жануарларды пайдаланып түсіру үшін студиялық түсірілім қажет болды. Дегенмен, «Kazakh Tourism» жанды кадрлар мен ландшафтардың өзін түсіру қажет деп шешті», – деп бөлісті режиссер.

Ғалым «табиғаттағы» түсірілім процесінің қолайлы ауа-райына, шуақты күнге ғана байланысты оңай жұмыс еместігі туралы айтты. Нәтижесінде бір жерден екінші жерге ұшуды есептемегенде, 10-ға жуық ауысымды ашық ауада және студияда өткізгендігі туралы хабарлады.

«Көптеген орындардың ішінен ерекше есте қалған Бозжыра мен Ақтауды атап өтер едім. Ол жерде ерекше жағдай болды. Түнде көліктен түскен сәтімізде бізден 500 метр қашықтықта көздері қып-қызыл боп жанып тұрған қасқырларды көрдік…
Менің ойымша, табиғаттың тылсым әлемі мен әдемі көріністері балаларға айтып беруге тұрарлық шытырман оқиғаға толы болды. Димашқа да табиғат аясында жұмыс істеу ұнаған сияқты. Бұл табиғат аясындағы түсірілім оның маңызды тығыз жұмыс кестесі мен рейстерін сәл болсын сейілтті деп ойлаймын», – деп Ғалым Асылов өз ойымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар

Қытай мен малайзиялық «Voice Beyond Horizon» жобасының жүлдегерлері – Қазақстан мен Димаштың шығармашылық ынтымақтастығы және жаңа тәжірибе туралы

Димаш Құдайбергеннің продюсерлік бастамасымен жүзеге асқан «Voice Beyond Horizon» жобасына 6 елден 8 өнерпаз қатысты. Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық...

Димаштың жанкүйерлері Латын Америкасындағы ең ірі университетте Қазақстан мәдениетін таныстырды

20 маусым күні Мексиканың Ұлттық автономиялық университетінде (UNAM) – сол елдегі әрі бүкіл Латын Америкасындағы ең ірі жоғары оқу...

Димаштың жаңа «AQERKE» композициясы Бельгия радиосының эфирінде шырқалды

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы жаңа «AQERKE» композициясы Бельгияның Льеж қаласы AFM Radio радиостанциясының эфирінде шырқалды. Бұл – Димаш шығармаларының Бельгия радиосынан...

25 елден жиналған Димаштың жанкүйерлері қайырымдылыққа 10 мың доллардан астам қаражат аударды

Димаштың халықаралық Dears for Peace жанкүйерлер қауымдастығы – жаһандық амбассадоры Димаш Құдайберген болып табылатын БҰҰ жүйесіндегі Халықаралық көші-қон ұйымының...

Димаш Құдайберген Алтайдағы этномәдени фестивальдің хедлайнері болады

10–12 шілде аралығында Алтайдың астанасында «Алтай — түркі әлемінің алтын бесігі» атты ауқымды фестиваль өтеді. Фестивальдің хедлайнері ретінде 11 шілде...