ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Қытайда өткен күз ортасы фестивалінде өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Қытайда өткен күз ортасы фестивалінде өнер көрсетті

Dimash World Димаш Құдайберген Қытайда өткен күз ортасы фестивалінде өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Қытайда өткен күз ортасы фестивалінде өнер көрсетті

17 қыркүйекте Қытайдың ірі телеарналары CCTV Mid-Autumn Festival Party — Қытайдағы ең маңызды мерекелердің бірі — Күз ортасы фестиваліне арналған гала-концертті көрсетті.

Мереке күні 8-ші айдың 15-ші күніне сәйкес келеді. Дәстүр бойынша бұл мерекені отбасымен бірге толған айға қарап отырып тойлайды. Айдың жарқырауы отбасы ошақтарының беріктігі мен бірлігінің көрсеткіші болып сананалы.

Димаш әнші Хуан Сяоюньмен дуэтте «仰世而来» / «I Came To Honor Mortal Life» / «Мен жердегі өмірді құрмет тұтуға келдім» әнін орындады. Бұл ән: “жетістікке жетуге мүмкіндік болып тұрған сәтте ештеңеге қарамастан қолдан келгеннің бәрін жасау керек” деген ойды білдіреді.

2018 жылы Димаш алғаш рет China Mid-Autumn Festival Gala фестиваліне қатысқан болатын. Wang Li есімді Қытай жұлдызымен бірге ол «You And Me» әнін орындаған еді. Ал өткен жылы Қытайдың атақты әншісі Тан Вэйвэймен бірге Күз ортасы фестивалінде қазақстандық өнерпаз «万里梦同心» / «Thousands of Miles, a Common Dream» // «Мыңдаған миль, ортақ арман» әнін орындаған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...