ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергенге түркі әлемінің музыкалық мұрасының символы – көне...

Димаш Құдайбергенге түркі әлемінің музыкалық мұрасының символы – көне қобыздың ғылыми көшірмесі сыйға тартылды

Dimash World Димаш Құдайбергенге түркі әлемінің музыкалық мұрасының символы – көне қобыздың ғылыми көшірмесі...

Димаш Құдайбергенге түркі әлемінің музыкалық мұрасының символы – көне қобыздың ғылыми көшірмесі сыйға тартылды

Академик Дархан Қыдырәлі Димаш Құдайбергенге көне қобыздың ғылыми көшірмесін сыйға тартты. Бірегей олжа 2014 жылы археологиялық экспедиция кезінде табылған болатын. Аталмыш қобыз VI-VII ғасырлардан қалған мұра деген болжам бар.

Экспедицияны сол кезде Халықаралық Түркі академиясының президенті болған Дархан Қыдырәлі басқарған болатын. 2014 жылы жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижесінде — ең көне қобыз Алтай тауындағы қазіргі Берелі аймағында, Қарақаба үстіртінде табылды. Ал, II-VII ғасырларға тән бұл аймақтар ата-бабаларымыздан қалған мұраларымызды танып-білуге негізгі кілт көзі болды.

Қобыздың бір ғылыми данасы Димаш Құдайбергенге сыйға тартылса, екінші данасы болашақ ұрпаққа сақтау үшін мұражайда қойылды.

«Экспедиция кезінде табылған қобыз – бүгінгі күнге дейін табылған мұралардың ішіндегі ең көнесі және бірегейі. Ол тек қазақтың ғана емес, бүкіл көшпелі халықтардың ұлттық аспабы. Осының бәрін ескере келе, біз бұл қобызды ата-бабамыздан қалған қасиетті мұра ретінде шығармашылық жолы табысты, баянды болсын деген ізгі ниетпен Димашқа беруді жөн көрдік», – дейді Дархан Қыдырәлі.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...