Димаш Құдайбергеннің ресми YouTube каналында «Across Endless Dimensions» саундтрегінің клипі жарық көреді

1210

Бүгін Димаштың ресми YouTube арнасында «Across Endless Dimensions» саундтрегінің клипі жарық көреді. Әнші бұл видеоны итальяндық ғылыми-фантастикалық «Создатели: Прошлое» («Creators: The Past») блокбастеріне арнайы түсірген болатын.

Фильмнің ғарыштық атмосферасын жеткізетін керемет ауқымды композицияны сазгер әрі фильм резиссері Пьерджузеппе Зайе жазып шыққан. Ал сөзі Антонелла Маджоға тиесілі.

«Создатели: Прошлое» («Creators: The Past») фильміндегі басты әнді орындауға Димашты фильм режиссері Пьерджузеппе Зайяның өзі және фильм сценарисі Элеонора Фани шақырған.

«Мен көптеген ұлы музыканттармен және әншілермен жұмыс істедім, ал осындай жарқын вокалды қабілеті бар орындаушыны тапқаныма қуаныштымын», – деп атап өтті фильм режиссері Пьерджузеппе Зайя.

Ән былтыр күз мезгілінде жазылып, «Sony Music» компаниясының қолдауымен бірнеше апта бұрын фильм саундтректері жинағының құрамына енді. Әдеттегідей, басты әнді фильмнің қорытындысында тыңдай аласыз.

Әннің тек титр фонында ойнап тұрмайтынын да айта кеткен жөн. «Artuniverse» компаниясы көрермен көзіне тіке қарап саундтрек орындап тұрған Димаштың бейнесін қосуды жөн санаған.

Клипте «Artuniverse» кинокомпаниясы «Создатели» картинасының кадрлары мен Димаштың ән айтып тұрған сәтін пайдаланған.

Бейнебаянның премьерасы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де өтеді және төмендегі сілтемеден тамашалай аласыздар: