ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергеннің жаңа «Voice Beyond Horizon» жобасында Қазақстанның атынан...

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Voice Beyond Horizon» жобасында Қазақстанның атынан Нұржас Садырбай өнер көрсетеді

Dimash World Димаш Құдайбергеннің жаңа «Voice Beyond Horizon» жобасында Қазақстанның атынан Нұржас Садырбай өнер...

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Voice Beyond Horizon» жобасында Қазақстанның атынан Нұржас Садырбай өнер көрсетеді

2026 жылы Димаш Құдайбергеннің Қытайдың Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесіп дайындаған «Voice Beyond Horizon» атты жаңа халықаралық жобасы көрерменге жол тартпақ. Бұл ауқымды музыкалық шоудың қатысушылары – алты елден келген сегіз талантты әнші.

Қазақстан намысын аталмыш жобада әнші, музыкалық театр және кино актері, вокалдық шеберлігі мен сахналық әсерлілікті үйлестіре білген өнер иесі – Нұржас Садырбай қорғайды.

Нұржас 2000 жылы Үшқұдық қаласында дүниеге келген. 2019 жылы Науаи қаласындағы Мемлекеттік мәдениет және өнер колледжін «Академиялық вокал» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жоғары білімін ол Қазақ ұлттық өнер университетінде Асхат Маемиров шеберханасында «Музыкалық театр әртісі» мамандығы бойынша алды. Студенттік жылдарында-ақ кәсіби сахнада өнер көрсете бастаған. Оның алғашқы жарқын рөлдерінің бірі – «Ромео мен Джульетта» мюзикліндегі Ромео бейнесі.

2020 жылдан бері Нұржас Астана қаласындағы Мемлекеттік жас көрермен театрының артисті болып қызмет етеді. Ол «Қыз Жібек» операсындағы Төлеген, «Мадемуазель Нитуш» опереттасындағы Флоридор және «Шәмші» мюзикліндегі Ақан сері рөлдерін тамаша орындаған.

Романтикалық туындылардың нәзік лиризмін де, драмалық қойылымдардың терең сезімін де шебер жеткізе білетін Нұржас «Абай – Тоғжан» спектаклінде Абай рөлін, «Гаухартас» қойылымында Қайыркен бейнесін және басқа да көркем образдарды сомдады.

Кино саласында ол басты рөлді «Естай мен Қорлан» музыкалық көркем фильмінде ойнап, ұлы қазақ композиторы Естайдың бейнесін шынайы түрде сомдап шықты.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы Алматыдағы сапарын жалғастыруда

19 наурыз күні Түркістан мен Ақтауда жоғары бағаланған «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы Қазақстанның ең ірі қаласы – «алмалы»...

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы...

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алтыншы шығарылымы вокалистердің дуэттік өнер көрсетуіне арналды. Бағдарламаның бас продюсері Димаш Құдайберген мен оның...

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...