ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Virtuosos жобасында. Бірінші күн. Жаңа таныстар мен ескі...

Димаш Virtuosos жобасында. Бірінші күн. Жаңа таныстар мен ескі достардың кездесулері

Dimash World Димаш Virtuosos жобасында. Бірінші күн. Жаңа таныстар мен ескі достардың кездесулері

Димаш Virtuosos жобасында. Бірінші күн. Жаңа таныстар мен ескі достардың кездесулері

Virtuosos жобасының алғашқы түсірілім күні ескі достар мен жаңа таныстардың кездесуінен басталды. Қазылар алқасының көптеген мүшелері бұл шоуда бірнеше жыл қатарынан қазылар алқасының мүшесі болса, кейбіреулері жобаға алғаш рет келіп жатыр.

Димаш әнші, композитор және продюсер кіші Пласидо Домингомен тағы кездесті. Қысқаша таныстырылымдық бейнероликте музыканттар бір-бірін таныстырды. Димаш: «Алдымен сіздерді әлемнің ең ұлы композиторларының, ең дарынды музыканттарының бірі — Маэстро Доминго Джуниормен таныстыруға рұқсат етіңіздер», — деді. Доминго мырза: «Димаш, тамаша таныстырылым үшін саған көп рақмет! Сіздерге бес немесе алты, мен қазір өзім шатасамын, октавадан асатын диапазоны бар әлемдегі ең ғажайып дауыстардың бірімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Мен осында, қазылар алқасының құрамында бірге жұмыс істегейтініме өте қуаныштымын. Өткен жылы біз уақытты керемет өткізген болатынбыз».

Димаш Еуропа мен Азияда ерекше өнерімен танымал болған Қытайдан келген дарынды сопрано Иньуо Вангпен танысты. Қазақстандық музыкант Қытайда бірнеше рет өнер көрсеткендіктен, әртістер үшін ортақ тақырып бірден табыла кетті.


Тағы бір жаңа танысу Димаштың Токиода тұратын қазіргі үрмелі аспаптардың ең көрнекті солистерінің бірі венгр кларнетист Иштван Коханмен кездесуі болды. Музыканттар өздері тұратын және жұмыс істейтін қалалар мен елдер туралы талқылады.

Бірінші күні шоудың бірінші жартылай финалының түсірілімі өтті. Түсірілім бүгінгі таңдағы Венгрияның ең үлкен студиясында өтті. Сахна жас таланттарға арналған классикалық түстер мен ашық бояулар арқылы үйлесімділігін тапқан жаңашылдығымен ерекшеленеді.

Түсірілім басталар алдында мерейтойлық маусымның режиссері әрі атқарушы продюсері Имре Сабо-Штайн әр жартылай финалға 10 қойылым – әр елден екі қатысушы жоспарланғанын еске салды.

Имре мырза соңғы онжылдықта әлемге әйгілі жобаларды, соның ішінде Барток атындағы дүниежүзілік байқау-фестивалін, Эва Мартон атындағы халықаралық опера байқауын басқарып, сондай-ақ, осы мерейтой финалында өнер көрсететін оркестр яғни әлемге әйгілі Будапешт Concerto симфониялық оркестрінің халықаралық медиа стратегиясымен де жұмыс істеген болатын.

Режиссер Димашпен жас сайыскерлерді бағалаудың қыр-сырымен бөлісті. Қойылым ойдағыдай шықпай қалғанның өзінде, қазылар алқасының жас музыкантты қолдап, оған дем беру керектігі өте маңызды екенін баса айтты.

Түсірілім басталар алдында Димаш жобаның негізін қалаушы әрі продюсер Марианна Пеллерге ұлы Пласидо Домингомен бір сахнада ән айту арманының орындалуына себепкер болғаны үшін алғысын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...