ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димашты жанкүйерлері Қазақстанның жалауымен қарсы алды

Димашты жанкүйерлері Қазақстанның жалауымен қарсы алды

Dimash World Димашты жанкүйерлері Қазақстанның жалауымен қарсы алды

Димашты жанкүйерлері Қазақстанның жалауымен қарсы алды

Нью-Иорктегі Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайы өзінің тарихында көптеген танымал тұлғалар мен жарқын кездесулердің куәсі болғаны анық. Алайда АҚШ-тың ең ірі әуежайларының бірде-бірінде алыстағы Қазақстанан келген әншіні дәл бұлай, үлкен салтанатпен қарсы алмаған болар. Димаш Құдайбергенді әлемнің түкпір-түкпірінен келген 150-ге тарта жанкүйері гүл шоқтарымен күтіп алды, деп хабарлайды dimashnews.com тілшісі
Әртүрлі мемлекеттен жиналған көпшіліктің арасында жасы да, кәрісі де бар. Димашты қарсы алушылардың көпшілігінің қолдарында Қазақстанның көк туы желбірейді. Сонымен қатар сүйікті әншілерінің портреттік суреттерін де ұстап шыққандар кездеседі. Жанкүйерлері қазақстандық танымал әншінің концертіне сәттілік тілесе, бірнеше сағаттық ұшудан кейін шаршаса да, Димаш оларға әдеттегідей алғыс айтып, бірге естелік үшін фотоға түсті.
Еске сала кетейік, Нью-Йорктегі 19 мың көрерменге арналған Barclays Center-де болатын Димаштың концерті жергілікті уақытпен 9 желтоқсан күні, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 10 желтоқсан күні өтеді.
Димаш «Arnau tour ENVOY» аясындағы сапарының жаңа бағдарламасымен өнер көрсетеді деп күтілуде. Әншінің өзі бұрын айтқандай, концерттік бағдарлама көрермендерге қазақтың төл өнерін қазіргі заманғы интерпретациямен таныстырады.
Димаштың барлық қойылымдарынан ұлттық нақыштар байқалып тұрады. Осыдан жанкүйерлердің әншіні бүкіл әлемге қазақ мәдениеті мен музыкасының хабаршысы деп бекер атамайтынын ұғамыз. Нью-Йорктегі шоудың негізгі тақырыбы – «Космос және Әлемнің шексіздігі». Әрине, бұл шараның әзірге айтылмайтын ақпараттары да бар, олар құпия түрде сақталады.
Бағдарламада Қазақстанның астанасы — Нұр-Сұлтанда өткен жазғы концерттің де ең жақсы сәттері қамтылған. Сонымен қатар осы бағдарлама үшін арнайы жасалған жаңа туындылар да бар. Димаш әндерді қазақ, ағылшын, орыс және қытай тілдерінде шырқайды.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

24 қарашада Чили астанасында Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтті. DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы бұл кеште Сантьягоның ең ірі...

Колумбияда алғаш рет: Жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алды

21 қарашада Димаш Құдайберген Колумбияның астанасы Боготаға келді. 22 қарашада әнші осы қалада Колумбия жұртшылығы алдында алғаш рет жеке...

Мехикодағы қос концерт: Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы кезеңін аяқтады

20 қарашада Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік туры аясында Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында екінші концертін берді. «Мексикалық жанкүйерлерімнің бәріне...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....