Димаштың Беларусьтегі фан-клубы әншіге атаулы музыкалық аспап тарту етті

1679

Туған күні қарсаңында өткізген тікелей эфир кезінде жанкүйерлерінің әншінің бөлмесіндегі әр елдегі фанаттары тарту еткен музыкалық аспаптарға көзі түскен. Солардың бірі Димаштың Беларусьтегі «DimashDearsBelarus» фан-клубы тарту еткен гусли. 

Гусли Димашқа 2019 жылы Мәскеуде өткен концерті кезінде тарту етілді. Аспап арнайы Димаштың жеке өзіне сыйланған болатын. Димаш үшін арнайы танымал беларусь шебері әрі музыкант Сергей Чубрик әзірлепті. Гуслиді «Стары Ольса» беларусь тобының музыканты Алесь Чумаков осы елдің халық әні «Лявониханы» шеберлікпен орындау арқылы сынап көрген болатын.

Гусли ежелгі славян халықтық аспабының бірі саналады. Ол славян халқымен қайғыда да, қуанышта да бірге келеді. Гуслиге музыка мәдениетінде үлкен орын беріледі. Бұл аспаптың әуезді үнімен халық ертегілерін, аңыздарын, рухани әуендерін, сонымен бірге, скоморох – ежелгі кезбе әншілерінің орындауын жеткізуге болады.

Тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф және өнертанушы Светлана Жарникованың пайымынша, гусли – Жаратқанның үйлесімділік аспабы: «Ведиялық мифологияда суда жүзетін құстар: Аспан, Жарық, От, Күн және Жаратушы мен Құдыретті білдіретін аққу, үйрекке үлкен мән берілген. Аңыздарда қаз бен аққудың Ақиқатты, Жарықты, Отты, сакральды музыкалық ырғақты, Дүниежүзі музыкасын таныған Жан екендігі туралы ұғым бар. Орыс халық дәстүрінде суда жүзетін құстар үлкен рөл ойнайды. Әсіресе, қаз, аққу, үйрек күнтізбелік циклдағы дәстүрлі әуенде сакральды сипатқа ие. Ал осы әндерде сакралды мәтін белгілерін тек гусли аспабы жеткізе алады».

Тарихшыларда гусли аспабының славяндарда қайдан пайда болғаны туралы нақты жауап жоқ. Финдердің, поляктардың, латыштардың, эстондардың, орыстардың, беларусьтердің, украиндердің ежелгі шекті аспаптары бір ортадан шыққаны туралы түсінік бар. Қытайдың халықтық гуцинь аспабы да Рождество Христовоға дейін пайда болғаны туралы мәліметтерге сүйеніп, еуропалық гуслидің Шығыстан шыққаны туралы болжам бар. Шекті аспаптың Рим отарлауынан кейін пайда болғаны туралы да жоққа шығаруға болмайды. Алайда, Беларусь пен Ресейдің музыка тарихының білгірлері гуслидің арғы тегі «музыкалық садақ» екенін айтады. Көптеген елдерде осы музыкалық аспап пен соның негізінде пайда болған шекті аспаптардың әр жерде және баяғыда пайда болғаны белгілі.

Гусли туралы алғашқы мәліметтер XII ғасырдың басында Кирилл Туровскийдің құжаттарында кездеседі. Ал, XIY – XY ғасырларда бұл аспап кеңінен қолданыста болған. Өткен жүзжылдықтың басынан бері гусли аспабын жиі тыңдау мүмкін болмаса да, беларусьтер бұл ежелгі халықтық аспап туралы Янке Купала мен соның жасаған образы Гусляр арқылы біледі.

Гуслидің жасалу жолы оңай. Шектер саны әртүрлі болуы мүмкін, 9, 11, 13, 16 шекті гуслилер болады. Шетен, қандыағаш ағашынан жасалған гусли тақтайына шектерді тартады. Жас шеберлер палисандр, ангар қарағайы, балқарағай секілді қымбат ағаш түрлерін қолданады. Алайда, беларусь музыканты әрі шебері Алесь Чумаковтың пайымынша, «…бастысы — дәстүрді бұзбай, сапалы жасау арқылы гуслиге тән өзіндік үнді сақтап қалу». «Гусли аспабында заманауи хиттардан бастап фольклорлық мотивтерді, рок-баллададан бастап танымал би әуендерін ойнауға болады. Бұл аспаптың мүмкіндігі жоғары

Бір кездері гусли аспабының назардан тыс қалған уақыты болды, алайда, соңғы жылдары музыканттар мен шеберлер тарапынан аспапқа қызығушылық оянып, бүгінде гусли аспабы концерттер мен халық музыкасы фестивальдерінде естіле бастады.

«Өзге аспаптар секілді біздің гусли де Димаштың бөлмесінің сәнін келтіріп қана қоймай, кейде қолына алып ойнайтын аспапқа айналсын. Димаштың ойнауындағы гусли үнін естігіміз келеді», – деп жазады Димаштың Беларусьтегі фанаттары.

Мақала мен фотосуреттер: DimashDearsBelarus