ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Мексика телеарнасына алғашқы сұхбатын берді

Димаш Құдайберген Мексика телеарнасына алғашқы сұхбатын берді

Dimash World Димаш Құдайберген Мексика телеарнасына алғашқы сұхбатын берді

Димаш Құдайберген Мексика телеарнасына алғашқы сұхбатын берді

18 қазан күні TV Azteca телеарнасында көрсетілетін Hechos Sábado бағдарламасы аясында Димаш Құдайбергеннің Мексика телеарнасына берген алғашқы сұхбаты эфирге шықты.

Әнші 8 және 10 қазанда Мехикода өткен жеке концерттерінің алдында мексикалық телеарна студиясының қонағы болды.

Бағдарламаның жүргізушісі Габриэль Эрнандес қонағын таныстыра отырып, былай деді:

«Димаш Құдайберген – мыңдаған тыңдармандарын тамсандырған қазақ әншісі. Ол өзінің ерекше даусымен, тартымды харизмасы және жанкүйерлерінің зор қолдауымен мұхит асып, сонау Қазақстаннан осында триумфпен келді».

Ағылшын тілінде өткен сұхбат барысында Димаш музыкамен кәсіби түрде бес жасынан айналыса бастағанын және әлі күнге дейін білімін жетілдіріп келе жатқанын айтты.

Әнші Лос-Анджелестегі Геннадий Головкин мен Канело Альварес арасындағы бокс жекпе-жегінің алдында өнер көрсеткен сәтін еске алып, өзі бокстың үлкен жанкүйері екенін және бұл спорт түрін жақсы білетінін атап өтті.

Репортажда ерекше атап өтілген жайт – Димаш міндетті түрде, бара жатқан елдерінің мәдениетін терең зерттейді екен. Мұны дәлелдей түсу үшін ол мексикалық тарихшы әрі философ Хосе Васконселостың: «Нағыз қуанышты тек таза рух қана біледі», — деген сөзін келтірді:

Сондай-ақ, Димаш өз тыңдармандарына алғысын білдіріп: «Менің шығармашылық жолымды жалғастыруыма, алға ұмтылуыма және өзімді жетілдіруге себеп болатын күш – ол менің жанкүйерлерім», – деді.

Журналисттің «Сіз үшін кемелдік деген не?» деген сұрағына Димаш былай жауап берді:

«Кемелдік – бұл әрбір іске бүкіл жан-тәніңді, барлық күшіңді салу. Музыкант болсын, басқа маман иесі болсын – бәрінен бұрын адамгершілік танытып, бір-бірімізді жақсы көру, қолдау және әлеммен тек жақсылықты бөлісу – адамзат үшін маңызды қасиеттер болып саналады».

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....