ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың Чилидегі жанкүйерлері ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған...

Димаштың Чилидегі жанкүйерлері ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған қайырымдылық акциясына қатысты

Dears Димаштың Чилидегі жанкүйерлері ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған қайырымдылық акциясына қатысты

Димаштың Чилидегі жанкүйерлері ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған қайырымдылық акциясына қатысты

Қазақстандық әртіс Димаш Құдайбергеннің Чилидегі Dimash Latin Dears Chile фан-клубы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға көмек көрсетуге бағытталған Teletón Chile қайырымдылық бағдарламасын қолдап, 1 000 АҚШ долларынан астам қаражат жинады.

Teletón Chile – елдегі ең ірі әлеуметтік бастамалардың бірі. Қазіргі уақытта бағдарлама аясында 1 000-нан астам маман жұмыс істеп, Чили азаматтары мен шетелдіктерді қоса алғанда, 32 000-нан астам бала мен жасөспірімге көмек көрсетуде. Teletón бағдарламасы жеке тұлғалар, ұйымдар мен мекемелердің қайырымдылық жарналары есебінен қаржыландырылады. Бұл өз кезегінде елдің әртүрлі өңірлерінде оңалту орталықтарының желісін құруға мүмкіндік берген.

Teletón жобасы халықаралық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. 1988 жылы оның негізінде Латын Америкасы елдерін, АҚШ пен Пуэрто-Риконы біріктіретін Телемарафондардың халықаралық ұйымы (Oritel) құрылды. Қазіргі таңда бұл ұйым жыл сайын мүмкіндігі шектеулі 350 000-нан астам балаға, жасөспірімге және ересек адамға кешенді көмек көрсетеді.

Dimash Latin Dears Chile фан-клубы Teletón қайырымдылық шараларына 2021 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Қауымдастық өкілдерінің айтуынша, олардың қызметі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен сабақтас гуманистік құндылықтардан, атап айтқанда, қолдау көрсету, жанашырлық және әлеуметтік жауапкершілік идеяларынан бастау алған екен. Фан-клубтың қайырымдылық бастамалары ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған қоғамдық іс-шаралар және музыкалық жобалармен қатар жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы Алматыдағы сапарын жалғастыруда

19 наурыз күні Түркістан мен Ақтауда жоғары бағаланған «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы Қазақстанның ең ірі қаласы – «алмалы»...

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы...

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алтыншы шығарылымы вокалистердің дуэттік өнер көрсетуіне арналды. Бағдарламаның бас продюсері Димаш Құдайберген мен оның...

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...