ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың «When I’ve Got You» атты жаңа шығармасы Латын...

Димаштың «When I’ve Got You» атты жаңа шығармасы Латын Америкасы радиосында орындалды

Dears Димаштың «When I’ve Got You» атты жаңа шығармасы Латын Америкасы радиосында орындалды

Димаштың «When I’ve Got You» атты жаңа шығармасы Латын Америкасы радиосында орындалды

28 ақпанда Латын Америкасының «Andromeda» радиостанциясының «Димаштың ғаламы» бағдарламасында қазақстандық өнерпаздың «When I’ve Got You» атты жаңа әні алғаш рет шырқалды.

Тыңдаушыларға шығарма ұнағаны сонша, олар радиожүргізушілерден оны қайта қоюын өтінді.

Universo Dimash («Димаштың ғаламы») бағдарламасы алғаш рет осыдан тура бір жыл бұрын, 2023 жылдың 1 наурызында Қазақстанда Алғыс айту күні мен Наурыз мейрамының қарсаңына орай эфирге шыққан еді.

Димаштың әндері алғаш рет 7 ақпанда Мексика радиосынан шырқалған болатын. Ал бұны ұйымдастырған әншінің халықаралық Mahabbat Dears фан-клубы еді.

Эфирдің тыңдаушылар арасында үлкен толқу мен сұраныс тудырғаны сонша, Andromeda Radio жүргізушілері толығымен қазақстандық орындаушының шығармашылығына арналған жаңа бағдарлама жасауды ұйғарды. «Димаштың ғаламы» атты бағдарлама құрылғаннан бері эфирде 14 эпизод жарық көрді.

28 ақпан күнгі радиостанцияда қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайбергеннің көптеген туындыларының шығу тарихы баяндалып, әндері шырқалды. Тыңдармандар «When I’ve Got You» жаңа әнінің тұсаукесерінен ләззат алып, сондай-ақ: Battle of Memories, Neverland, War and Peace, Our Love, Be Happy, The meaning of eternity, Restart my love, The Crown және т.б. қытай әндерін ерекше әсермен тыңдады.

Соңғы жаңалықтар

DIMENSIONS жаңа турының басталуына бір күн қалды: Димаш Құдайберген жаңа шоуын ұсынуға дайын

18 қазанда Димаш Құдайберген DIMENSIONS атты жаңа концерттік турын бастайды. Халықаралық команданың бірнеше айға созылған дайындығы, эксклюзивті шоу мен...

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...