ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне орай экологиялық акция өткізді

Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне орай экологиялық акция өткізді

Dears Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне орай экологиялық акция өткізді

Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне орай экологиялық акция өткізді

Аргентина, Уругвай, Мексика, Венесуэла және Испаниядан келген Dears құрған қазақстандық әншінің «Димаш үшін» жанкүйерлер тобы Патагония достарының қауымдастығы үшін Аргентинадағы орман өрттері сияқты табиғи апаттардан зардап шеккен ормандарды қалпына келтірумен айналысатын Аргентинаның солтүстігінен бірлесе отырып 300 ағаш сатып алды.

Димаш Құдайбергеннің «OMIR» туындысынан шабыттанған Dears:
«Біздің өмір жолымызда кездескен әрбір адамның өзіндік орны бар. Біз табиғаттың ең құнарлы бөлігі жер сияқтымыз. Кейбір адамдар басқалардың жүрегінде гүлдеген махаббат дәндері сияқты. Олар өне бойларына сұлулықты, сүйіспеншілікті, мейірімділік және нәзіктікті сіңіре білген.

Димаштың дауысы – бір-бірімізді құрметтеуге, бір-бірімізді сүюге, бейбітшілік орнатуға және ғаламшарымызды әрқайсымыздың үйіміздей күтуге шақыратын тамаша хабар»,- деп барлығын бірігуге шақырды.

OMIR жобасының алғашқы қадамы Акамбуко — Сальта — Аргентина табиғи қорығына 300 ағаш жөнелтумен басталды.

Бұл қорық Аргентинаның солтүстігіндегі өсімдіктің әр түрі өсетін (субтропикалық джунгли) Сальта провинциясында орналасқан. Quina Colorada, Urundales, Robles Criollos, Lanzas Blancas, Simaras, Pacaras және Horcos Cebiles сияқты ағаш түрлері Акамбуко қорығының питомнигінің жұмысы арқылы алынды. Бұл бастама соңғы жылдары өрт салдарынан зардап шеккен өңірдің биоалуантүрлілігін қалпына келтірудегі елеулі қадам болып табылады.

Осы маңызды шараға топтың көптеген мүшелері қатысатын болғандықтан 24 мамырда Ыстамбұлда өтетін концертте Димаш пен оның командасына Патагония достары қауымдастығының Димаштың атына берілген сертификат пен Dears жұмысының толық сипаттамасы бар хатты табыстау жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...