ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың жанкүйерлері Baqytty Bala 2023 қатысушыларын қолдауға келді

Димаштың жанкүйерлері Baqytty Bala 2023 қатысушыларын қолдауға келді

Dears Димаштың жанкүйерлері Baqytty Bala 2023 қатысушыларын қолдауға келді

Димаштың жанкүйерлері Baqytty Bala 2023 қатысушыларын қолдауға келді

Baqytty bala 2023-ке Ресейден, Польшадан және Қазақстанның бірнеше қалаларынан Димаштың жанкүйерлері келді. Жанкүйерлерді Димаштың Ақтөбе фан-клубының Dears қарсы алды.

Фестиваль қонақтарын сүйікті әртістің концерттері туралы естелік кеші, қала бойынша экскурсиялар, Димаштың мурал портреті бар ғимараттың жанындағы естелік фотосуреттер және Қарғалы су қоймасына саяхат күтіп тұрды.

Башқұртстаннан келген Димаштың жанкүйері Эльвира байқау туралы өз әсерімен бөлісті:

«Біз Ақтөбеге екінші жыл қатарынан Bakytty Bala фестиваліне келдік. Өткен жылы біз Димашты көреміз деген үмітпен келіп едік, бірақ ол Алматыдағы концертке дайындық үстінде болатын. Ал биылғы жылы, қазір АҚШ-та болғанына қарамастан, біз жас таланттардың керемет қойылымдарын тамашалау үшін байқауға мақсатты түрде келдік. Әрбір жас әртісті үлкен қуанышпен тыңдаймыз және олардың ішінен үздігін қалай таңдауға болатынын түсінбейміз, барлығы өте талантты…
Бұл байқаудың халықаралық деңгейде өткізілгені, түрлі елдерден келген балалар және осы фестиваль арқылы Димаш оларға өз қабілеттерін көрсетуге, Марат Әйтімов сияқты тамаша педагогтардан орасан зор тәжірибе мен тәлім-тәрбие алуға мүмкіндік беретіні қуантады.
Бұл байқау дамып, өсіп, көкжиегін кеңейтсін. Біз қазірдің өзінде осы байқаудың жанкүйерлеріміз, әр жыл сайын келуді жазғай».

Соңғы жаңалықтар

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...