ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың жанкүйерлері Барселонада дәстүрлі Dears кешін өткізді

Димаштың жанкүйерлері Барселонада дәстүрлі Dears кешін өткізді

Dears Димаштың жанкүйерлері Барселонада дәстүрлі Dears кешін өткізді

Димаштың жанкүйерлері Барселонада дәстүрлі Dears кешін өткізді

7 қараша күні, Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы алғашқы жеке концерті қарсаңында, 50 елден келген 700-ге жуық жанкүйер Барселонада бас қосты. Олар бір-бірімен танысып, ескі достармен жүздесіп, көптен күткен концерт алдындағы әсерлерімен бөлісті. Дәстүрлі кездесу Испания мен Қазақстанның ұлттық нақыштарын біріктірген стильде Hotel Hyatt Regency Barcelona Tower қонақүйінде өтті.

Кеште испандық сопрано және саксофоншы Мотсе Бермудес пен қазақ әншісі Жанель Али бірге өнер көрсетті.

Әлемге әйгілі фламенко биін Лусено Кардерас мектебінің бишілері орындаса, ал дәстүрлі каталон биін Гарсеран Сарданиста тобы көрсетті.

Испан әуендерін қазақтың ұлттық домбырасының сазы алмастырып, сахнада Арман Жаналы домбырамен өнер көрсетті.

Димаштың жанкүйерлері де өз өнерлерін ортаға салды: Dear Эстер гитарамен Димаштың «Тау ішінде» әнін орындаса, чилилік Пабло Ромеро қазақтың халық әні «Дайдидау» мен Димаштың авторлық туындысы «Ұмытылмас күн» әнін шырқады. Ал бір топ жанкүйерлері сүйікті әншіге арнап «Weekend» хиті әуенінде әсерлі би орындады.

Кештің арнайы қонақтары – Димаштың анасы Светлана Айтбаева мен әртістің команда мүшелері болды.

Светлана Ермекқызы жиналған қауымға жылы лебізін білдіріп, жанкүйерлерге ерекше ықыластары үшін алғысын айтты.

Чилиден келген Dears тобы Димаштың отбасына сый ретінде ерекше шахмат жиынтығын тарту етті.

Кеш би, сыйлықтар, лотереялар мен тосынсыйларға толы болды. Барлық жанкүйерлер өздері ерекше дайындалған бүгінгі Olimpic Arena Badalona сахнасында өтетін «Stranger» шоуын асыға күтуде.

Кездескенше, қымбатты достар!

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Нью-Йорктің дәл ортасында Наурыз мейрамын тойлады

Нью-Йорк қаласында, нақтырақ айтқанда Таймс-сквер алаңында Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара өткізілді. Аталған мереке қазақ диаспорасының өкілдерін, дипломаттарды, студенттер...

Димаштың орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әні бір жыл бойы Польша чартында көшбасшылық орнын сақтап келеді

Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» әні Radio Olsztyn (Польша) хит-парадында 52 апта қатарынан бірінші орынды иеленіп отыр. Осы кезең...

Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы Алматыдағы сапарын жалғастыруда

19 наурыз күні Түркістан мен Ақтауда жоғары бағаланған «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы Қазақстанның ең ірі қаласы – «алмалы»...

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы...

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...