ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World “Біз өмірді таңдаймыз”: Димаш Құдайбергеннің Барселонадағы тыңдармандары әншінің концертінде...

“Біз өмірді таңдаймыз”: Димаш Құдайбергеннің Барселонадағы тыңдармандары әншінің концертінде ерекше акция өткізді

Dimash World “Біз өмірді таңдаймыз”: Димаш Құдайбергеннің Барселонадағы тыңдармандары әншінің концертінде ерекше акция өткізді

“Біз өмірді таңдаймыз”: Димаш Құдайбергеннің Барселонадағы тыңдармандары әншінің концертінде ерекше акция өткізді

8 қараша күні Димаш Құдайберген Испанияда алғаш рет жеке концертін берді. Әншінің жанкүйерлері бұл кешке алдын ала дайындалып, Димаштың авторлық туындысы «The Story of One Sky» орындалған сәтте ерекше акция ұйымдастырды. Бұл бастаманы Испаниядағы ресми фан-клуб қолға алған еді. Компанияның атауы — «Elegimos la Vida», яғни «Біз өмірді таңдаймыз» деп аталды.

Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, Dears — жай ғана көрермен емес. Олар осындай жобалар арқылы өздерін Димашқа, оның өнеріне жақындай түскендей сезінеді:

«Біз көп мөлшерде ақ қолғаптар сатып алдық. Ақ түс — бейбітшіліктің нышаны. Димаш «The Story of One Sky» әнін орындаған сәтте көрермендерден қолғаптарын киіп, қолдарын жоғары көтеруді өтіндік. Бұл — Димаштың басты үндеуі — бейбітшілікке шақырудың символы елі.

Сондай-ақ, біз алдыңғы төрт қатардағы көрермендерге әріптері бар плакаттар тараттық. Сол арқылы Димаш сахнадан «Біз өмірді таңдаймыз / Elegimos la Vida» деген жазуды испан және ағылшын тілдерінде оқи алды. Барлық Dears Димаштың әндеріндегі басты идеяны — өмір мен бейбітшілікті таңдауды қолдайды».

«Бір аспанның тарихы» әнін алғаш тыңдағаннан-ақ жүрегімізге терең әсер етті. Біз көз жасымызды тыя алмадық… Димаш — ерекше тұлға. Оның ғажайып дарыны музыка шеңберінен де асып түседі, өйткені ол тек әнші ғана емес. Өз үні мен әуені арқылы ол бүкіл әлемге бейбітшілік туралы үндеуін жолдайды.

Димаштың сезімталдығы таңғаларлық. Оның адамгершілігі ерекше. Ол бізді сүйіспеншілікке, үлкен махаббатқа шабыттандырады. Осы тектес концерттер — дәл қазіргі әлемге аса қажет осындай әдемі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», — деп бөлісті Димаштың жанкүйерлері өз әсерлерімен.

Соңғы жаңалықтар

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...