ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Армандар орындалады»: Димаштың концертінде жас қазақстандық әнші өнер көрсетті

«Армандар орындалады»: Димаштың концертінде жас қазақстандық әнші өнер көрсетті

Dimash World «Армандар орындалады»: Димаштың концертінде жас қазақстандық әнші өнер көрсетті

«Армандар орындалады»: Димаштың концертінде жас қазақстандық әнші өнер көрсетті

Димаш Құдайбергеннің Барселонадағы концертінде көрермендер арасында жас қазақстандық әнші Жанель Али болды. Ол — Димаштың үлкен жанкүйері және Испаниядағы фан-клубының мүшесі. Клубтың шақыруымен Жанель pre-party іс-шарасында «Ұмытылмас күн» мен «Махаббат бер маған» әндерін орындаған.

Olimpic Arena Badalona сахнасына Жанель ұлттық киіммен келіп, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Димаш оны байқап, сөйлесіп, оның вокалист екенін білген соң, сахнаға шығуға шақырған.


Көпшіліктің алдында жылы лебізін білдірген Димаш жас орындаушыға қолдау көрсетіп, оның орындауындағы «Ұмытылмас күн» әнінің үзіндісін сүйсіне тыңдап, шығармашылық жолына сәттілік тіледі.

DimashNews редакциясына берген сұхбатында Жанель өзі туралы айтып берді:

«Менің атым — Жанель Али, жасым 15-те. Туған жерім — Қазақстан, Астана қаласы. Балалық шағымнан бері ән айтуға әуеспін, сондықтан Қазақ ұлттық өнер академиясына эстрадалық вокал мамандығына түстім.

2022 жылы отбасымызбен жұмыс бабымен Испанияға, шуақты Аликанте қаласына көшіп келдік.

Сол жылы мен «Голос дети Испания» жобасына қатысып, Кристина Агилераның Hurt әнін орындап, 12 жасымда финалға шықтым.

Қазір Испания консерваториясында опера әншісі мамандығы бойынша білім алып жүрмін.

Димаштың концертіне және pre-party кешіне арнайы дайындалып, ұлттық костюмімді Қазақстанда тіктірттім. Себебі мен — қазақпын, және қазақ болғаныма мақтанамын. Біздің ұлттық киіміміз испандықтар мен шетелдіктерді әрдайым таңғалдырады. Олар біздің мәдениетке қызығушылықпен қарайды.

Мен кішкентайымнан Димашпен бір сахнада ән айтуды армандадым. Бүгін сол арманым орындалды.

Әрине, Димаш мені сахнаға шақырғанда қуаныштан толқып, көзіме жас келді, айтқым келген сөздерімді ұмытып та қалдым. Ал шын мәнінде, мен бүкіл әлемге халқымызды мақтан ететінімді және Димаш арқылы Қазақстан мәдениеті жаһанға танылып жатқанын айтқым келді.

Оны сөзбен жеткізу қиын — бұл сәтті миллиондаған жанкүйер армандайды ғой. Димаш ағаға тек шексіз ризашылығымды білдіремін. Әлі күнге дейін бір сахнада ән айтқаныма сене алмай тұрмын.

Испанияға арнайы келіп, керемет концерт сыйлағаны үшін Димашқа және оның командасына үлкен алғыс айтамын!»

Соңғы жаңалықтар

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...