ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Барселонадағы үлкен концерт – Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы алғашқы шоуы...

Барселонадағы үлкен концерт – Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы алғашқы шоуы қалай өтті

Dimash World Барселонадағы үлкен концерт – Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы алғашқы шоуы қалай өтті

Барселонадағы үлкен концерт – Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы алғашқы шоуы қалай өтті

8 қараша күні Барселонаның әйгілі Олимпиялық аренасы – Olimpic Arena Badalona мыңдаған жанкүйерлерге толды. Олар Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы тұңғыш жеке концертін асыға күтумен болды.

Көрермендер «Оле, Димаш, Оле!» деп ұрандатып, өз клубтарының түстеріндегі киіммен «толқын» жасап, сахнаға шығатын сүйікті әртістерін шат көңілмен қарсы алды. Содан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен орындалып, залдағы көрермен орындарынан тік тұрып құрмет көрсетті.

Элегантты ақ костюммен сахнаға сәнді шыққан Димаш шоуын бірлік пен үмітке толы «Біз бәріміз алтынбыз!» әнімен бастады. «О, Құдай-ау, сіздердің энергияларыңыз үшін үлкен рақмет!» – деп ықыласын білдірген ол көрермендерді өзіне бірден баурап алды. Бұған дейін Майкл Джордан сынды әлем жұлдыздары өнер көрсеткен бұл сахнада Димаштың энергетикасы бұрынғыдан да жарқырай түсті.

Димаш көрермендерін қазақ, ағылшын тілдерінде ғана емес, сондай-ақ испан тілінде де жылы қарсы алды:

«Баршаңызға қайырлы кеш! Бұл – Испаниядағы менің алғашқы концертім. Осында сіздермен бірге болу – мен үшін үлкен құрмет. Барлығыңызға үлкен рақмет!»

Залда отырған Dears пен Димаш арасындағы эмоционалды байланыс бір сәтке де үзілген жоқ. Әнші әрбір үзіліс сайын көрермендерге жылы жымиып, сүйіспеншілік белгісі ретінде ыстық ықыласын жолдап отырды. Ал, көрермендер әншінің бұл ықыласына ұзақ қошемет көрсетті.

Димаш концерт барысында импровизациялық караокеге қатысып, көрермендермен тікелей сөйлесіп отырды. Ол сахнаның биігіне де, шетіне де еркін қозғалып, әр жанкүйерге мүмкіндігінше жақын болуға тырысты.

Залда қазақтың ұлттық киімін киген жас қызды байқап қалған Димаш оны сахнаға шақырды. 15 жастағы жас әнші Жанель Али сүйікті әртісімен бірге «Ұмытылмас күн» әнін орындады.
Жанель кейін DimashNews редакциясына берген сұхбатында:
Толық ақпаратты: «Арманым орындалады»: Димаштың концертінде жас қазақстандық әнші өнер көрсетті» мақаласынан оқи аласыздар.

Кештің ең әсерлі тұстарының бірі – Dears жанкүйерлерінің «Elegimos la Vida» («Біз өмірді таңдаймыз») акциясы болды. Димаш «The Story of One Sky» реквиемін орындап тұрған сәтте, көрермендер ақ қолғаптарын жоғары көтеріп, бейбітшілік пен үміттің, тазалықтың символын көрсетті.

Толығырақ DimashNews-тағы «Біз өмірді таңдаймыз»: Димаш Құдайбергеннің Барселонадағы тыңдармандары әншінің концертіне арнап ерекше акция өткізді» мақаласынан оқи аласыз.

Димаштың «Stranger» атты әлемдік туры жалғасуда. Жақын арада Димаш пен оның командасы Лондон мен Берлинде жанкүйерлерімен қайта жүздеседі!

Соңғы жаңалықтар

Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Yazgi» синглі шетелдік радиостанциялардың эфирінде кеңінен таралуда. Композиция жарыққа шыққаннан кейін Бельгияның бірқатар радиостанцияларында ротацияға еніп,...

Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

9 тамызда Mediaset España медиа тобының құрамына кіретін Cuatro телеарнасы эфирден Димаш Құдайбергенге және оның вокалдық мүмкіндіктеріне арналған арнайы...

«Yazgı»: Димаштың түрік тіліндегі тұңғыш авторлық әнінің жазылу тарихы

3 тамызда продюсер, композитор, әнші әрі көптеген музыкалық шығармалардың авторы Димаш Құдайберген тыңдармандарына түрік тіліндегі алғашқы авторлық туындысы –...

Испанияның El Mundo газеті Димаш Құдайберген туралы көлемді мақала жариялады

Димаш Құдайбергеннің есімі тағы да Испанияның беделді басылымдарының бірінен көрініс тапты. Испаниядағы ірі ұлттық газеттердің бірі – El Mundo...

Димаш Құдайбергеннің «DiMENSIONS» атты әлемдік туры

Димаш Құдайбергеннің жаңа «DiMENSIONS» жобасы – уақыт пен кеңістікті шарлау идеясына негізделген туынды емес, бұл – әртістің болмысын оны...