ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Испаниядан келген Dears Қостанай облысы өнер мектебінің оқушыларына музыкалық...

Испаниядан келген Dears Қостанай облысы өнер мектебінің оқушыларына музыкалық аспаптарды сыйға тартты

Dears Испаниядан келген Dears Қостанай облысы өнер мектебінің оқушыларына музыкалық аспаптарды сыйға тартты

Испаниядан келген Dears Қостанай облысы өнер мектебінің оқушыларына музыкалық аспаптарды сыйға тартты

Испаниядан келген Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Қостанай облысында қыркүйекте болған қатты өрт туралы хабардар болып, зардап шеккен отбасылардың балаларына көмек көрсетуді ұйғарды. Осылайша, Әулиекөл ауданындағы өнер мектебіне фан-клуб тарапынан музыкалық аспаптар сыйға тартылды.

Испаниялық фан-клубтың атынан Мария Кармен Dears Қостанайдағы оқиға туралы Димаштың Instagram желісі арқылы білгенін айтты. Сол күні фан-клуб табиғи апаттан зардап шеккен халыққа көмек көрсету туралы шешімді бірден қабылдады.

Димаштың жанкүйерлері «Қайырымдылық» қоғамдық қоры арқылы Әулиекөл ауданындағы өнер мектебінде балаларды музыкалық сауаттылыққа баулу үшін музыкалық аспаптар сатып алуға 1000 еуро берді.

«Отбасылары өрттен зардап шеккен балаларға көмек көрсете алғанымызға өте қуаныштымыз. Димаштың арқасында екі елдің бірігуі керемет. Біз оның жанкүйері болғанымызды мақтан тұтамыз және бейбітшілік пен балалардың бақыты үшін қоян-қолтық араласамыз», — деп бөлісті Мария Кармен.

Бүгін, 29 қарашада музыкалық аспаптардың салтанатты тұсаукесері өтті. Шара барысында өнер мектебінің оқушылары қор құрылтайшыларын құшақ жая қарсы алып, сонымен қатар концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.

«Қайырымдылық» қоғамдық қорының төрағасы Батырбек Ахметов бүлдіршіндерді құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

«Қаражат түскеннен кейін біз Әулиекөл ауданындағы балаларға не сатып алған дұрыс деп талқыладық. Пайдалы болсын деп, музыка мен шығармашылық тақырыбын қозғағым келді. Бізде талантты балалар көп, сондықтан музыкалық аспаптар ең жақсы сыйлық болады деп шештік. Осылайша, Испанияның музыкалық жан дүниесінің символы ретінде гитара, ал Қазақстанның музыкалық жанының символы ретінде домбыра сатып алу ойымызда болды», — деп бөлісті «Қайырымдылық» қорының құрылтайшысы Гүлмира Қапенова.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...