ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Хосе Каррерас, Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайбергеннің «My...

Хосе Каррерас, Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайбергеннің «My Way» әні «Virtuosos» жобасында

Dimash World Хосе Каррерас, Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайбергеннің «My Way» әні «Virtuosos»...

Хосе Каррерас, Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайбергеннің «My Way» әні «Virtuosos» жобасында

2025 жылғы 6 маусымда қайталанбас ерекше квартеттің премьерасы өтті. «Virtuosos» жас аспапшылардың 10-мерейтойлық байқауының екінші финалында қазылар алқасының мүшелері Хосе Каррерас, Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайберген «My Way» атты аңызға айналған композицияны орындады.

Үш тенордың әсем де терең дауыстары мен виолончельдің әуені сахнада өмірдің терең картинасын ұсынды.

Әлемдік хитке айналған бұл әнді 1968 жылы 53 жасында Фрэнк Синатра жазған еді. Ал 1994 жылы (Димаштың туған жылында) үш ұлы тенор – Доминго, Каррерас және Паваротти Фрэнк Синатраның 79 жасқа толуына сыйлық ретінде әйгілі «The Three Tenors in Concert» концертінде «My Way» композициясын орындаған болатын.

Ондаған жылдар өткен соң, «Virtuosos» жобасының сахнасында дәл осы әнді қазылар алқасының мүшелері – маэстро Каррерас пен маэстро Доминго ұсынып, шығармашылық өмірдің шексіз әлем екенін көрсетті. Олармен бірге квартеттің құрамына жас болса да әлемге танымал музыканттар – Димаш пен Хаузер қосылды. Олар ұлы музыканттардың туындысын жас ұрпаққа жеткізу мақсатында музыканттардың баға жетпес тәжірибесін ризашылықпен қабылдады.

«Маэстро Домингомен, сондай-ақ маэстро Хосе Каррераспен бірге жұмыс істеу менің арманым болатын. Егер сіздер біздің баспасөз конференциямызды қараған болсаңыздар, онда мен фанат ретінде, жас жанкүйер ретінде сөз сөйлеген болатынмын. Өйткені олардың алдында шешім қабылдау оңай емес.

Ал олар үшін, маэстролар үшін мен де жас ұрпақтың өкілімін. Сондықтан сол кезде мен қатты қобалжып, бірақ соған қарамастан керемет шабыт алдым. Олар әлі де еңбектеніп, әлі де керемет ән айтады. Мен олардың қойылымдарын асыға күтемін. 20 жылдан кейін, мүмкін 30 жылдан кейін – Құдай оларды қолдап, ұзақ өмір берсін!

Маэстро Домингомен алғаш кездескен сәтімде, мен ерекше қобалжыған болатынмын… Мен оған: «Маэстро, мен сіздің арқаңызда музыкант болдым, әнші болдым. Сіз менің өмірімде үлкен рөл атқардыңыз», – дедім. Ол: «Маған да сенің өнерің, дауысың, музыкаң өте ұнайды», – деп жауап берді. Бұл мен үшін керемет күн болды.

Мен көптеген әлемдік жұлдыздармен, соның ішінде Джеки Чанмен, Андреа Бочеллимен және басқалармен кездестім. Осындай тамаша мүмкіндіктер үшін әуелі Құдайға, сосын «Virtuosos» жобасына рахмет айтқым келеді. Осы таңғажайып бағдарламаны ойлап тауып, жүзеге асырып жатқан  барлық кісілерге Құдай жар болсын», – деп Димаш өз әсерімен бөлісті.

Virtuosos_Talent_Show YouTube арнасынан Венгрия, Австрия, Словения, Сербия және Черногорияның ең талантты жас музыканттары қатысатын қызықты және жоғары кәсіби байқаудың шығарылымдарын жіберіп алмаңыздар.

Соңғы жаңалықтар

«Сирек кездесетін жаһұт» — вьетнамдық БАҚ Димаш Құдайберген туралы

2025 жылы 6 желтоқсанда Ханой қаласында өтетін ең ірі 8WONDER Winter 2025 фестивалінде Димаш Құдайбергеннің өнер көрсетуі қарсаңында Вьетнамның...

Димаш Құдайберген мен Hunan TV телеарнасы 2026 жылдың ғаламат премьерасын ұсынады – «Voice Beyond Horizon» бірлескен жобасы

Сегіз жыл бұрын Ұлы Жібек жолының әндері күллі әлемге естілсе екен деген арманмен Димаш Қытай сахнасына алғаш шыққанда, өнердің...

Димаш Құдайберген Вьетнамдағы 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars фестивалінде өнер көрсетеді

2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Вьетнамның 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars атты ең ірі...

Димаш Құдайберген Египетте өтетін «The Pyramids Echo» фестивалінде өнер көрсетеді

2025 жылдың 30 қарашасында Димаш Құдайберген Египеттегі Гиза қаласында орналасқан "Pyramids Panorama" алаңында өтетін "The Pyramids Echo" фестиваліне қатысады. Бұл...

Испаниялық жанкүйерлер Димаштың Барселонадағы концертіне арналған автобус жарнамасын іске қосты

8 қарашада Барселона қаласындағы Бадалона Олимпиада аренасында өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне орай, Испаниядағы жанкүйерлері арнайы жарнамалық науқан ұйымдастырды. Қазіргі...