ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Мадридте Димаштың жанкүйерлері Абайдың 180 жылдығына орай қайырымдылыққа 1200...

Мадридте Димаштың жанкүйерлері Абайдың 180 жылдығына орай қайырымдылыққа 1200 еуро аударды

Dears Мадридте Димаштың жанкүйерлері Абайдың 180 жылдығына орай қайырымдылыққа 1200 еуро аударды

Мадридте Димаштың жанкүйерлері Абайдың 180 жылдығына орай қайырымдылыққа 1200 еуро аударды

Мадридте Астана күніне және қазақтың ұлы ақыны Абайдың 180 жылдығына орай Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі ұйымдастырған шара өтті. Мерекелік шараларға дипломатия, мәдениет ұйымдарының өкілдері және қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қатысты.

Әншінің Испаниядағы ресми фан-клубы мен «La Gran Voz Kazaja» қауымдастығы «Мәдениет пен ынтымақтастық диалогы» атты шара өткізді. Димаштың гуманистік ұстанымынан әсерленген жанкүйерлері оның атынан церебральды сал ауруы және басқа да қимыл, іс-әрекет жасаудан қиындығы бар балалар мен жасөспірімдерге білім беру және жан-жақты қолдау көрсетумен айналысатын Aenilce қорына 1200 еуро көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Іс-шараның ең қызықты сәттерінің бірі – фан-клуб мүшелері өздері модель болып, «Ak Kerbez» топтамасының әшекейлері мен киімдерін ұсынған сән көрсетілімі болды. Көрсетілім дизайнер Сандуғаш Сержанқызының қолдауымен дайындалды.

«Тұмар» фольклорлық ансамблінің, «Фараб» би тобының, қазақ мәдениетінің байлығын айшықтайтын “Арқайм” этно тобының өнерлері де қонақтардың көңілінен шықты.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы Алматыдағы сапарын жалғастыруда

19 наурыз күні Түркістан мен Ақтауда жоғары бағаланған «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы Қазақстанның ең ірі қаласы – «алмалы»...

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы...

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алтыншы шығарылымы вокалистердің дуэттік өнер көрсетуіне арналды. Бағдарламаның бас продюсері Димаш Құдайберген мен оның...

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...